AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлем / Орман өртінен қаза болғандар саны 26 адамға жетті

Орман өртінен қаза болғандар саны 26 адамға жетті

Әлем 23.08.2023, 03:59 1,137
Орман өртінен қаза болғандар саны 26 адамға жетті
Сурет: ашық дереккөз

Грекияның солтүстік-шығысындағы Дадия ұлттық саябағында орман өртінен кейін 26 адамның мәйіті табылды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Euronews-ке сілтеме жасап.


Сирек кездесетін құстардың ұя салатын жері ретінде белгілі қорық арқылы заңсыз мигранттардың бағыты өтеді.


Орман өртінің екінші толқынының тағы бір құрбаны Беотиядағы қарт шопан болды.



«Өрт сөндірушілер Александруполистегі Авант ауданында лашық жанынан 18 адамның денесін тапты. Жақын маңдағы аудандардан тұрғындардың жоғалып кетуі туралы ешқандай мәлімдеме түспегенін ескергенде, бұл елге заңсыз кірген адамдар. Кешеден бері бүкіл аудан бойынша эвакуациялау туралы 112 хабарлама жіберілді», - деп мәлімдеді Грекияның өрт сөндіру департаментінің өкілі Яннис Артопиос.



Сейсенбіде грек өрт сөндіру бөлімі Афины қаласының солтүстігіндегі мыңдаған тұрғындарды эвакуациялауға бұйрық берді. Ано Лиосияда 25 мыңға жуық адам тұрады. Жергілікті билік көршілес Фили ауданында үйлер өртенген соң адамдарды қауіпті жерге шығаруға шешім қабылдады.


Грекияның солтүстік-шығысындағы Эвия мен Кифнос аралдары, сондай-ақ Афиныдың солтүстігіндегі Боеотия жалынға оранған. Пелопоннес пен елдің батысы да өртеніп жатыр.


Демалыс күндері елде ондаған өрт шығып, мыңдаған тұрғын эвакуацияланды. Өрт ең қатты таралған аймақ елдің солтүстік-шығысындағы Александруполис портының жанында, Түркия шекарасына жақын жерде орналасқан. Ондағы жалын бірнеше күннен бері өршіп келеді. Қала маңындағы 13 елді мекеннің тұрғындары эвакуацияланды.


Бұған дейін Грекия билігі әдеттен тыс жоғары ауа температурасы мен қатты жел өрт санын көбейтуі мүмкін деп мәлімдеген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#орман #өрт #оқиға #Әлем #Грекия
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов: Мемлекет басшысының бастамасымен қолға алынған ауқымды құрылыс бағдарламасы өнеркәсіп кооперациясын дамытуға елеулі серпін береді

Бүгін 22:30

Мемлекет басшысы AI & Digital Bridge – 2026 халықаралық форумында сөз сөйледі

Бүгін 21:01

Қазақстандық кәсіпорындардың инновациялық шешімдері «ИННОПРОМ. Беларусь» халықаралық өнеркәсіптік көрмесінде таныстырылды

Бүгін 21:01

Қасым-Жомарт Тоқаев БАӘ делегациясын қабылдады

Бүгін 20:15

Азия ойындарының жүлдегерлері мен қатысушылары Алматыға оралды

Бүгін 20:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);