AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / «Ордабасы» «Қайратты» тізе бүктірді

«Ордабасы» «Қайратты» тізе бүктірді

Спорт 21.08.2023, 06:12 1,148 Almaty-akshamy.kz. 
«Ордабасы» «Қайратты» тізе бүктірді
Сурет: ашық дереккөз

Қазақстан Премьер-Лигасының 20-туры аясында шымкенттік «Ордабасы» «Қайратты» тізе бүктірді.


Ойын Шымкентте өтіп, 1:0 есебімен аяқталды. Матчтағы жалғыз голды хорватиялық Бернардо Матич соқты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Ал қонақтардың қақпашысы Даниил Устименко екінші таймда пенальти орындады. 48 ұпаймен «Ордабасы» турнир кестесінің көш басында қалса, 32 ұпайы бар алматылық «Қайрат» бесінші сатыға жайғасты. Шымкенттіктер «Қайрат» командасынан бір ойын кем өткізгенін де айта кетейік.


Қазақстан Премьер-лигасының 20-туры аясындағы ойында «Ақтөбе» өз алаңында қостанайлық «Тобылмен» тең ойнады. Рамазан Оразовтың дәл соққысынан кейін бірінші болып қонақтар есеп ашты. Екінші таймда Әлібек Қасым қызыл қағаз алып, алаң иелерін 10 ойыншымен қалдырды. Алайда хорватиялық легионер Андрей Филиповичтің голы «Ақтөбені» жеңілістен құтқарып қалды. Ақтөбелік клуб 40 ұпаймен екінші орынға қайта оралды. Ал «Тобыл» 27 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді. Ақтөбелік клуб 40 ұпаймен екінші орынға қайта оралды. Ал «Тобыл» 27 ұпаймен алтыншы орынға көтерілді.


«Астана» Қазақстан Премьер-Лигасының 20-шы турындағы ойында «Қайсармен» тең ойнады, Кездесу елордада өтіп, 1:1 есебімен аяқталды. Екінші таймның соңында қонақтар Тимур Досмағамбетовтың голына Дмитрий Бородиннің пенальтиден соққан дәл соққысымен жауап берді. Енді «Астана» 40 ұпай жинап, турнир кестесінде екінші орынға көтерілді. Ал 25 ұпайы бар «Қайсар» сегізінші орында қалды. Еске салайық, осы аптада Қазақстан чемпиондары болгариялық «Лудогорецтен» (2:1, 1:5) жалпы есепте ұтылып, Еуропа лигасынан шығып қалған болатын.


Премьер-лига командалары арасындағы футболдан Қазақстан чемпионатының матчында «Мақтаарал» ФК «Жетісуды» қабылдап, сенсациялық жеңіске жетті. Оңтүстіктіктер Асхат Балтабековтың автоголың арқасында талдықорғандық клубты жеңді. Нәтижесінде «Мақтарал» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орынға көтерілді. «Жетісу» жеңілістен кейін 24 ұпаймен 9-шы орында қалды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #жеңіс #спорт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыға бара жатқан жолда жоғалып кеткен 21 жастағы тұрғын аман-есен табылды

Бүгін 16:57

Ақжан мен Ақниет: Тоқаев тұлпарларын көрсетті

Бүгін 15:22

Алматы баскетболшылары 15 жасқа дейінгі командалар арасында Қазақстан чемпионы атанды

Бүгін 14:06

Ұлттық музыка ғылымының негізін қалаған тұлға

Бүгін 13:44

Қазақстанда шетелдіктер үшін арнайы виза пайда болмақ

Бүгін 12:52
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);