Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі

Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі

Әлеумет 25.03.2024, 06:41 1,124
Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі
Сурет ашық дерек көзінен алынды

Ораза – мұсылман үшін үлкен сабыр мектебі. Ол – ауыз ашып, ауыз бекітіп қана отыратын ай емес, адам баласын жақсылыққа, мейірім, қайырымға, иман, ибаға шақырып, осынау құндылықтарды дәріптеуге де үлес қосатын ұлық ай. Сіздермен Ораза айында куә болған оқиғаларыммен бөлісейін.


ИМАН мен ИБА


Таксидемін. Жүргізуші жер үйлер жаққа бұрылды. Көше қараңғы.


– Біреудің аманаттаған заты бар еді, соны беріп кетейін, – деді. Бізге ескерткені.


Қараңғы тар көшеге келіп тоқтады. Сыртқа машинасының жарығы түсіп тұр. Әлдекімге «ағасы, қоңырау соғып жіберсең өзің, телефонды алмай тұр» деді бір кезде.


Сәлден соң үйден 19-20 жастағы қыз шықты. Желең. Шашы ұзын, буып қойыпты. Көрікті өзі. Затты беріп жатқан жүргізуші жігіт ағасына тіктеп бір қарамады, телефонын шұқылап тұр. Затты жеткізген адамның қызметі үшін ақша аударайын деп жатыр ма екен. Бір кезде телефонының сыртқы қабын ашып, сонда тұрған ақшаны алып, жүргізушіге берді. Ішке кіріп кетті.


Мен үшін иман, иба бет-ауызды бүркеп тастайтын хиджабта емес. Қыз баланың ер адамға тіктеп қарамағанының өзі – имандылығы. Өткенде ТiкТok-та бір қыз (әлде келіншек) хиджабының сыртынан қалай сырға тағуға болатынын көрсетіп тұр құрбысына. Сырғаны орамалының сыртынан тесіп іліп қойды. Жаным-ау, құлақтың сырғалығы да әуретті жер ме сонда? Түсінсем бұйырмасын!


Сырға да әйел затының көркін үстей түсетін сәндік аксессуар ғой. Ертеде қазақ қыздары таққан күміс сырға, білезік, шашбау, шолпы қандай еді! Қазір де тағып жүрміз. Ертең Наурызда бәріміз қуана-қуана тағатын боламыз.


 


ЖОЛАУШЫ ӘЙЕЛ


Қала іргесіндегі ауылға қатынайтын 203-ші автобусқа отырдық. Келесі аялдамадан бір әйел мінді. Қысқа шашы таралмаған, үстіндегі күртесінің етегі батпаққа малынған. Етігі де. Күртесінің алды ашық. Етігінің сыдырмасы да. Масаңдау. Ішкілікке енді салына бастағаны байқалды. Қазақ әйел. Бір кезде автобус ішін жағымсыз иіс алып кетті. Қолқаны қаба бастады.


– Түсіріп тастау керек, – деді бір еркек. Жанындағы екінші оны еркек қостады.


Бірақ екеуінен басқа жүргізуші де, өзге жолаушылар да жол бойы ләм-мим демеді.


– «Кәусардан» түсемін, дұрыс келе жатырмын ба? – деп сұрады әйел көпшілікке қарата.


– Иә, иә, осы автобус барады, – деді жолаушы аққұба әйел.


Отырамын деп те ұмтылмай, шеткерірек бұрышта тұрып келген әлгі әйел, аяғы талды білем, босаған орынға барып отырды. Жанындағы әйел тұрып кетті, артық ештеңе айтқан жоқ. Автобус «Кәусар» аялдамасына таяғанда бағанағы аққұба келіншек артқы жақтағы орнынан тұрып келіп масаң әйелді иығынан түртті.


– Өтіп кетпеңіз, сіз қазір түсесіз, – деді де, өз орнына қарай кетті.


Ішкен әйел «Кәусардан» түсті. Терезеден қарап отырмын. Қас қарайған шақ. Дала суық болды ма, әйел кеуде тұсын қаусыра ұстап, кеш қараңғылығына сүңгіп кетті...


ЖАҚСЫЛЫҚ


Метроға кірдік. Автобуспен 30 минут жүретін жерге 9 минутта зыр еткізіп жеткізіп салады. Мұнда көбіне жастар жүреді. Алматы – жастар қаласы. Төлем жасайтын жерге келгенде, бір бозбаланың картасында ақша болмай шықты.


– Сендер жүре беріңдер. Соңдарыңнан барам, автобус-пен, – деп еді, арғы бетке өтіп алған екі досы өкінген кейіппен тұрып қалды. Кеткісі жоқ екеуінің де. Бергі беттегі бозбала да «қап» деп, олардан қалып бара жатқанына өкінгендей.


Кері бұрыла берген оған құрбым:


– Әй, бала, тоқташы, мынаны көрші, бірақ ішінде бар-жоғын білмей тұрмын, – деп сөмкесінің түбінде, біраздан бері қолданылмай жатқан екінші картасын ұсынды. Терминалға басып еді, ішінде ақша бар екен. Бозбаланың көзі жанып кетті қуанғаннан. «Рақмет, апай!» деді «құтқарушы» құрбыма. Екі досы да бірінен соң бірі «рақмет, апай, рақмет» деп, жүгіріп кетті. Асығыс өздері. Мәз. Бөлінбей кетіп бара жатқандары сондай жақсы.


– Жаңағы балалардың көп рақметіне, қуанғанына қуанып келе жатқаным! – деді құрбым.


Жақсылықтың үлкен-кішісі болмайды! Жақсылық жақсылықты шақырады. Ертең бұл жақсылық біздің де балаларымыздың алдынан шығады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ораза #мұсылман #мектеп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика