AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / Оралхан Бөкей: Нағыз сыйластық кез-келгеннің қолын...

Оралхан Бөкей: Нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді...

Тұлға 28.09.2023, 10:04 2,115
Оралхан Бөкей: Нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді...
adebiportal.kz

Бүгін - жазушы-драматург, Қазақстан Республикасы мемлекеттік сыйлығының лауреаты Оралхан Бөкейдің туған күні. Оралхан Бөкейдің  ойларын оқи отырыңыз.


***


Тек қана алға, алға ғана тура тартқан, жастық пен жалтақтықтан ада асау батылдық, балталасаң да қың етпес батырлық сықылды болғанымен, көсегемізді көгертпес көкбеттікке бой алдырар кісәпірліктің көрігін көбірек басып жүрген жоқпыз ба?!


***


Махаббат - тәбиғат өзі берген құдіретті сезім. ондағы ең үлкен сыйлық - айнымас сыйластық. ол әркімге де тән қасиет, ал нағыз сыйластық кез-келгеннің қолынан келмейді...


***


Бақыт дегеніміз әр таңды тірі қарсы алып, әр күнді көзімізбен шығарып салу. өзгенің бәрі өзіңді алдау үшін тапқан қитұрқылар...


***


Біздің білетініміз: замана көші байсалданып, баянды ғұмыр кешкен сайын, өмір сүру жеңілдеп, сауық-сайран көбейген сайын, санамыз сарабдал тартып, таңғажайып оқиғаның куәсі болған сайын құлқынымызға құм түскендей қатал да, қайырымсыз, ешкімге де, ешнәрсеге де сенбейтін сезімсіз "Сергектік" жайлағандай еді...


***


Дер кезінде өле білуден үлкен өнердің жоқ екені сол, ондай жаңғырып қайта туар, қайта жасар иманды талантты сізге жазбаған, сіз бар болғаны жер бетімен қи домалатқан қоңыз пенде ғанасыз, қандай аянышты мүскіндік...


***


Мықты болсаң қайталама менің өмірімді, бөрінің артынан бөлтірік ақылдылығынан еріп жүрген жоқ.


***


Мәңгілікке ұласатын ұлылық - жалған дүниені майша шылқыған жалпақ табанымен жалпағынан басу емес, тіпті, ілініп-салынып алжығанша жасауда емес, артыңа өшпес із қалдырып, арғымаққа мінгендей асығыс зулап өте шығу, яғни өз өміріңді оқыс әрі әдемі аяқтату.


***


Бақилық ғұмырыңа жетер қайғы мен қуаныш адам басында өлшеулі ғана болады.


***


Біз қатігезденіп барамыз, біз имансызданып барамыз, біз айналайын анамыздың ақ сүтін ақтай алмай жүрміз. Біз бабамыздың батасын ұмыттық, біз тарихымызды таспен бастырып, бір күні қыз-қызды қызыққа мастанып тасыраңдадық, көзімізді шел басты, көңіліміз көр, жігеріміз құм болып құрдым дәуреннің әләулайын шырқап жүрміз... Берекесі де бекер ішім-жемнің құлы болсақ, біз үшін жалғыз жанын садақалаған ата-баба әруағынан ұят емес пе?! Йә, әруаққа адалдық, өткенге иман болмайынша тірілерге салауат жоқ. Тіпті біз күні бүгінге дейін ұлттық адамгершілік, имандық бет-бейнесі мен болмысын, келбеті лайықтылығын анықтай алмай жүрміз...


Дереккөзі: massaget.kz

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оралхан #Бөкей #Ойлар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылықтарға арналған ерекше мүсін

Бүгін 14:03

Наурыз тойының шығуына байланысты аңыз-әфсаналар

Бүгін 13:45

«ЖАЗЫЛ ДА, ҰТЫП АЛ!»: Байқау жеңімпаздары анықталды

Бүгін 13:24

Air Astana Наурыз мейрамын жаңа борттық мәзірмен және мерекелік жаңалықтармен қарсы алады

Бүгін 13:16

Бүгінгі валюта бағамы

Бүгін 12:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика