AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқытушылар жасанды интеллект арқылы оқыту әдістері...

Оқытушылар жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін меңгерді

Білім және ғылым 09.07.2024, 17:33 1,457 Almaty-akshamy.kz. 
Оқытушылар жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін меңгерді
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі

Қорқыт ата атындағы Қызылорда университетінің Жасанды интеллект институтында оқытушыларға арналған жазғы мектеп өтті. Басқарма мүшесі, ІТ және стратегиялық жоспарлау жөніндегі проректор Махмуд Томанов, Жасанды интеллект институтының директоры Нұрлан Құлмырзаев және IT мамандар жазғы мектепті жүргізді, деп хабарлайды аlmaty-akshamy.kz. 

Оқытушылардың біліктілігін арттыру мақсатында «Жасанды интеллект арқылы оқыту әдістерін дамыту» тақырыбында біліктілікті арттыру курсы ұйымдастырылды. Курстың алғашқы күнін Microsoft АҚ-ның ТМД елдерінде білім беруді дамыту бөлімінің басшысы Данияр Жұмабеков арнайы шақырылып, «Қорқыт Ата университетіндегі цифрлық трансформация: Microsoft AI арқылы жаңа мүмкіндіктерге жол ашыңыз» тақырыбында семинар өткізді.

Курс мақсаты – жасанды интеллект негізгі ұғымдарымен және әдістерімен таныстыру, білім беруде AI қолданудың этикалық аспектілерін зерттеу, оқу үдерісін жақсарту үшін AI агенттері мен деректерді талдау құралдарын пайдалану дағдыларын дамыту.

Білім ордасының 200-ге жуық профессор-оқытушылары 72 сағат бойы теориялық және практикалық білім алып, AI негізгі түсініктері мен әдістері, машиналық оқыту, тереңдетіп оқыту, табиғи тілді өңдеу, компьютерлік көру және генеративті AI-ды білім беру үдерісінде қолдану әдістерін меңгерді.

Өзіндік жұмыс сағатында хаттарды құрастыру, халықаралық серіктестерді іздеу, хаттар мен өтінімдерді дайындауды автоматтандыру, мақсатты бағдарламалық қаржыландыру әзірлеу және AI-агентті пайдалану жобасын әзірлеу дағдыларын үйренді. Курс ұйымдастырушылары ЖИ навигатор 1.0 әдістемелік құралын осы жазғы мектеп барысында қатысушыларға пайдалану үшін табыс етті. Курс соңында барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Жасанды интеллект бойынша біліктілікті арттыру курстары алдағы уақытта да өткізіліп тұрады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#білім #Ғылым #Жасанды интеллект
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37

Алматы тұрғындары құрамында сынабы бар 480-ден астам шам мен құрылғыларды қайта өңдеуге тапсырды

Бүгін 15:51

«Ұлттық ұлан – патриотизм мен батылдық мектебі»: 5571 әскери бөлімінде ашық есік күні өтті

Бүгін 14:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);