Freedom
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды

Заң мен тəртіп 03.03.2026, 12:01 149
Оқушыларға вейп сатқан топ құрықталды
ІІМ

Ұйымдасқан қылмыстық топ Павлодар облысы мен Алматы қаласында вейптерді заңсыз айналымға шығарумен айналысқан. Қаржы мониторингі агенттігі оларға қатысты соталды тергеу жүргізіп жатыр., – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қолданыстағы заңнамамен тыйым салынғанына қарамастан, күдікті тұрақты табыс табу мақсатында вейптерді сатудың жүйелі әрі тұрақты схемасын ұйымдастырған.

Заңсыз әрекетті жасыру мақсатында дүкендер желісі кальян өнімдерін сатады деп көрсетілген. Алайда іс жүзінде электрон тұтыну құрылғылары мен олардың қосалқы бөлшектері сатылған. Тыйым салынған өнімдер «Telegram» мессенджері арқылы да өткізіліп, жеткізу қызметі пайдаланылған.

Заңсыз саудадан түскен қаражат қолма-қол түрде де, жеке кәсіпкерлердің банк шоттары арқылы да жиналып, кейін қылмыстық топ мүшелері арасында бөлінген. Тінту барысында жалпы құны 711 млн теңгеден асатын 131 мыңнан астам вейп тәркіленді, – деп хабарлады агенттік.

Вейп негізінен жастарға, кәмелетке толмаған мектеп оқушылары мен студенттерге сатуға бағытталған.

Күдікті бұлтартпау шарасы қолданылғанына қарамастан, байланысы бар адамдар арқылы және қосымша жасырыну шараларын пайдаланып, топтың қызметін үйлестіруді жалғастырған, – делінген ақпаратта.

Қылмыстық жолмен тапқан қаражатқа 4 автокөлік пен Алматы қаласындағы элиталық тұрғын үй кешенінен 4 бөлмелі пәтер сатып алынған. Бұл мүлікке тәркілеу мақсатында тыйым салынды.

Қылмыстық топтың ұйымдастырушысы мен бес қатысушысы қамауға алынды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Заң мен тәртіп #вейп
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Еліне қызмет етуді өмірлік ұстаным еткен азамат

Бүгін 12:43

Қазақстан мен Моңғолия президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 12:39

Мәдениеттер диалогы: Алматыда халықаралық қолөнер ретриті өтті

Бүгін 12:26

Ақорда Моңғолия Президентін қарсы алды

Бүгін 12:18

Туризмге инвестиция: Алматыда жаңа қонақ үйлер көптеп салынып жатыр

Бүгін 11:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика