Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты

Оқушылар антисептик шашатын робот ойлап тапты Сурет: Inform.kz

Роботтар фестивалі өткізілді


Өскемен қаласында биылғы Балалар жылына орай оқушылар мен студенттер арасында IT-фестиваль өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


«New generation» деп аталатын фестивальде облыстың түкпір-түкпірінен мектеп оқушылары мен колледж, университет студенттері қатысты. Білім саласындағы ауқымды ІТ-көрмеде балалар мен жастар өз жобаларын көрсетіп, ой-пікір, тәжірибе алмасты.



«Бүгін фестивальде өз жобамызды – антисептик шашатын роботты ұсынып отырмыз. Ол датчик арқылы жұмыс істейді, қазақ тілінде еркін сөйлейді және коронавирус инфекциясының алдын алу туралы нұсқаулар береді. Қазір бұл роботты мектебімізге орнатып қойдық», - дейді О.Бөкей атындағы №44 лицей-мектебінің оқушылары Ділназ Нәбиолда және Дияс Ермұханбетов.



Қатысушылар 6 бағыт бойынша өз жұмыстарын ұсынды, атап айтқанда «Kids Skills», «Maker Fest», «Junior Skills», «Startup-жобалар», «Robotime», «ClusterPro». Олардың ішінде қауіпсіздікті ұйымдастыруға, ойын ойнауға, оқытуға қатысты жоба жасағандар болды. Фестиваль барысында ғылыми ойын-сауық алаңы ұсынылды. Мұнда келушілер заманауи технологиялар саласындағы соңғы жетістіктермен танысуға мүмкіндік алды.


Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

17:26

16:49

16:23

15:56

15:09

14:40

14:17

13:18

12:44

12:08

11:44

11:12

10:40

10:00

00:14

23:33

23:15

19:28

18:05

17:32

16:55

16:23

15:48

15:14

14:47