AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқулықтар 100 пайыз цифрлық форматқа көшеді – Бағд...

Оқулықтар 100 пайыз цифрлық форматқа көшеді – Бағдат Мусин

Білім және ғылым 13.09.2022, 15:00 1,724
Оқулықтар 100 пайыз цифрлық форматқа көшеді – Бағдат Мусин
Сурет: facebook.com/BagdatMussin

Көптеген кітаптарды алып жүру қажеттілігі біртіндеп жойылады


Таяуда оқулықтардың 100 пайызы цифрландырудан өтеді, тиісінше кітаптарды алып жүру қажеттілігі біртіндеп жойылады. Бұл туралы бағдарламашыларды мерекесімен құттықтаған Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрі Бағдат Мусин өзінің Facebook-тегі ресми парақшасында жазды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz тілшісі.



«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша біз артық бюрократияны жоя отырып, 175 бизнес-үдерісті жетілдірдік. Ал, 2025 жылға дейін біз 5 мың бизнес-процеске толық реинжиниринг жасайтын боламыз. Бүгінгі күні мемлекеттік қызметтердің 94%-ы онлайн түрде қолжетімді. Оның ішінде 25 қызмет проактивті форматта көрсетіледі. Ең сұранысқа ие мемлекеттік қызметтер смартфондарда қол жетімді және өткен жылмен салыстырғанда оларды пайдалану 17,5 пайызға артқан. Сонымен қатар, біз халыққа қызмет көрсету орталықтарын жаңғыртуды бастадық. Қазірдің өзінде 8 жаңа фронт-офис жұмыс істеп тұр», - деп жазды министр.



Бағдат Мусиннің мәліметінше, «Ehealth» электронды денсаулық сақтау жүйесін құру жұмыстары жүргізілуде. Ол азаматтарға қызмет көрсету орнына қарамастан, сырқатының тарихы мен барлық диагноздарын бір базада топтастыратын ұлттық денсаулық паспортын қалыптастыруға мүмкіндік бермек.



«Ауылдық мектептер интернет-инфрақұрылымымен толық қамтамасыз етілген. Бірақ бұл тұрғыда әлі де белсенді түрде жұмыс істеу керекпіз. Оқушылар мен мұғалімдер интернетті оқу процесінде пайдалана алуы үшін мектепішілік интернетті тарату желілерін дамыту қажет. Жақын арада оқулықтардың 100 пайызы цифрландырылатын болады және көптеген кітаптарды алып жүру қажеттілігі біртіндеп жойылатын болады» - деп мәлім етті Бағдат Мусин.



Министр жұмыстардың нәтижесін баяндай келе, әріптестерін бүгінігі бағдарламашылар күнімен құттықтады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#оқулық #Цифрлы формат #министр
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

АҚШ-та бойжеткен желіге тәуелді болып қалғаны үшін Instagram, Facebook пен YouTube-тен 1,3 миллиард теңге өндіріп алмақ

Бүгін 11:09

Алматыда экстремизм мен терроризмге қарсы кездесу өтті

Бүгін 10:50

Caspian University-де экстремизмге қарсы күрес мәселелері талқыланды

Бүгін 10:39

Алматыда азаматтардың интернеттегі есірткі желісін анықтауға қалай көмектесіп жатқанын айтты

Бүгін 10:33

Әл-Фараби даңғылындағы жантүршігерлік жол апатынан кейін Алматыда бақылау күшейтілді

Бүгін 10:28
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика