AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу жылы басталғалы елімізде 153 мың оқушы жөнде...

Оқу жылы басталғалы елімізде 153 мың оқушы жөндеуден өткен 207 мектепте білім ала бастады

Білім және ғылым 14.11.2023, 04:35 1,681
Оқу жылы басталғалы  елімізде 153 мың  оқушы жөндеуден өткен 207 мектепте білім ала бастады
Сурет: Gov.kz

Биыл елімізде 260 мектепте күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілуде.


Оқу жылының басынан бері 153 мың қазақстандық оқушы жөндеуден өткен 207 мектепте білім ала бастады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бұл мектептерде шатырлар ауыстырылды, ғимараттардың қасбеттері, терезелері жаңартылды, ішкі инженерлік желілері (су құбыры, кәріз, жылу, электр желілері), дәретхана бөлмелері жөнделді. Сейсмикалық құбылыстары жоғары аймақтарда сейсмикалық күшейту жұмыстары және т.б. жүргізілді.


Айта кетейік, жөндеуден өткен ғимараттардың ішінде салынғанына 50 жылдан асқан мектептер де бар. Олардың көбі Алматы облысында орналасқан.


Еске салайық, бұған дейін министрлік оқу-тәрбие процесінің бұзылуына жол бермеу және оны қауіпсіз ұйымдастыру мақсатында жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқан мектептерге бірнеше рет бақылау жүргізді. Бүгінде жөндеу жұмыстарынан бөлек Қазақстандағы шағын қалалар мен ауылдардағы 1000 мектеп жаңартылуда. Атап айтсақ, күрделі жөндеу жұмыстары, пәндік кабинеттермен жабдықтау, мектеп жиһаздарын жаңарту, кітапханаларды, асханалар мен қауіпсіздік жағдайларын жақсарту атқарылуда. Бүгінгі таңда 941 ауыл мектебінде жаңғырту жұмыстары аяқталды. Оған қоса, биыл 1000 заманауи пәндік кабинеттерін (робототехника, химия, биология немесе физика) ашу жоспарлануда. 974 мектепте заманауи кабинеттер орнатылды

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жөнделген мектеп #білім #оқушылар
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Президент қазақ-оман бизнес форумында сөз сөйледі

Бүгін 18:15

Қазақстан Президенті мен Оман Сұлтаны АХҚО-ға барды

Бүгін 18:00

«Таза Қазақстан»: Алматыда «Үздік жасыл балабақша» және «Үздік жасыл колледж» қалалық байқауларының жеңімпаздары анықталды

Бүгін 17:52

Жыл соңына дейін eGov GPT арқылы 150-ге дейін мемлекеттік қызмет көрсету жоспарланып отыр

Бүгін 17:45

Жазыл да ұтып ал!

Бүгін 17:07
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);