AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу-ағарту министрлігі «Алтын белгі» туралы бұйрық...

Оқу-ағарту министрлігі «Алтын белгі» туралы бұйрыққа өзгеріс енгізбек

Білім және ғылым 11.11.2022, 04:33 2,033
Оқу-ағарту министрлігі «Алтын белгі» туралы бұйрыққа өзгеріс енгізбек
Сурет: 24.kz

Дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр.


11-сынып түлектері халықаралық олимпиадаларға дайындалу үшін оқу-жаттығу жиындарына қатысқан жағдайда қорытынды аттестациядан босатылуы мүмкін, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz


Жаңа оқу жылынан бастап жалпы білім беретін пәндер бойынша үздік оқушылар және соңғы үш жыл бойы халықаралық олимпиадалардың жеңімпазы атанған «Алтын белгі» төсбелгісіне үміткерлер қажет болған жағдайда қорытынды емтихандардан босатылып, үздік белгісін алады.



«Бұған дейін «Алтын белгіге» үміткер халықаралық олимпиадалардың жеңімпаздары қорытынды аттестация кезінде жазғы оқу-жаттығу жиындарында болып, халықаралық олимпиадалар мен жарыстарға дайындалып, емтихан тапсыра алмаса, автоматты түрде «Алтын белгі» белгісінен айырылатын. Енді түлектер оны ала алады. Ол үшін «үздік» деген баға болуы керек. Қазір дарынды балаларды қолдау мақсатында жан-жақты жұмыстар атқарылып жатыр. Бұл өзгеріс те балалардың мүддесі үшін қабылданды», - деді ҚР Оқу-ағарту министрлігі Орта білім комитетінің төрағасы Гүлмира Кәрімова.



Биыл Президенттің тапсырмасымен халықаралық пәндік олимпиадалардың 27 жеңімпазы алғаш рет 76 млн теңгеден астам сыйақы алды. Сондай-ақ оқушылар жергілікті жоғары оқу орындарына оқуға грант иеленді. Алтын медаль алған оқушы 1 500 АЕК, күміс медаль 1 000 АЕК, қола медаль 500 АЕК көлемінде сыйақы алды. Оқушыларды олимпиадаға дайындаған тәлімгер ұстаздар да бір реттік сыйақыға ие болды.


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#алтын белгі #олимпиада #сыйақы
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Владислав Яковлев пен Иван Чернухин академиялық есуден Азия ойындарының чемпионы атанды

Бүгін 06:41

Алматыда көгалдандыру және абаттандыруға арналған халықаралық конференция өтуде

Кеше 19:19

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев Қытайға жұмыс сапарымен барды

Кеше 18:45

Ақтауда халықаралық «Каспий – достық теңізі» фестивалі өтеді

Кеше 18:11

Алматыда кәсіпкерлерге арналған цифрлық және AI құралдары бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылады

Кеше 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);