AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Оқу-ағарту министрі еліміздің 20 өңірінің әкімдері...

Оқу-ағарту министрі еліміздің 20 өңірінің әкімдерінің орынбасарларымен кездесті

Білім және ғылым 21.08.2024, 16:08 1,073 dulatbekova
Оқу-ағарту министрі еліміздің 20 өңірінің әкімдерінің орынбасарларымен кездесті
Сурет: Gov.kz

Кездесуде білім беру саласын дамытудағы негізгі міндеттер мен басымдықтар талқыланды.

Ғани Бейсембаев білім беру еліміздің әлеуметтік саясатының негізгі басымдықтарының бірі ретінде Мемлекет басшысының тарапынан айтарлықтай қолдауға ие болып отырғанын атап өтті, деп хабарлайды aqshamnews.kz Оқу-ағарту министрлігіне сілтеме жасап. 

 Білім беру инфрақұрылымдарын жаңғырту бойынша бірқатар шаралар жүзеге асырылуда, оның ішінде жаңа мектептер салу, заманауи кабинеттермен жабдықтау, білім беру ұйымдарын реновациялау жұмыстары жүргізілуде.

«Білім берудегі басты міндеттердің бірі оның сапасын арттыру болып табылады. Бірінші рет заң жүзінде «білім сапасы» ұғымы бекітіліп, Білім беру сапасын бағалаудың ұлттық жүйесінің үлгісі қалыптастырылды. Алайда, білім беру ісіндегі басты тұлға – педагог болып қала береді және тұтас қоғамның болашағының табыстылығы оның кәсібилігімен тығыз байланысты. Педагогтердің жұмыс жасауы үшін жайлы орта қалыптастыру маңызды, ол үшін өңірлер жергілікті жерлерде заңдардың жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі керек. Әсіресе, жаңашылдығы мен шығармашылығы білім сапасын жақсартуға, балаларымыздың дамуына ықпал еткен педагогтерді қолдауға көңіл бөлу керек», - деп атап өтті министр.

Ғани Бейсембаев педагогтердің қоғамдағы рөлін күшейтуге ерекше назар аударып, педагогтерге барынша қолдау көрсетуді тапсырды. Бұл - педагогтердің жұмыс жағдайын жақсарту, біліктіліктерін арттыру және балаға сапалы білім мен саналы тәрбие берудегі басты тұлға ретінде бағалау.

Сондай-ақ ведомство басшысы өткен оқу жылынан бастап оқу процесіне енгізілген «Біртұтас тәрбие бағдарламасына» тоқталып өтті. Биылғы оқу жылында бағдарлама қайта жаңартылып, әділетті мемлекет, жауапты азамат және прогрессивті ұлт құндылықтарымен толықтырылды. Сонымен қатар өңірлерге «Білім берудегі өзгерістердің 1000 көшбасшысы» бадарламасы, балалардың құқықтарын қорғау, білім сапасын арттыру, мектептердің ата-аналармен ынтымақтастығы бойынша жұмыстарды күшейту қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Оқу-ағарту министрі #кездесу #әкімдердің орынбасарлары
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);