AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Балалар жылы / Оқу-ағарту министрі Балалар жылын қорытындылады

Оқу-ағарту министрі Балалар жылын қорытындылады

Балалар жылы 12.12.2022, 06:01 3,651
Оқу-ағарту министрі  Балалар жылын қорытындылады
Сурет: Kazigurt-tinisi.kz

 Балалар жылы қалай өтті?


Астана қаласында Чехия, Хорватия, Венгрия, Қырғызстан және басқа да елдердің халықаралық сарапшыларының қатысуымен «Қазақстандағы Балалар жылы: балалардың құқықтарын қорғау саласындағы өзекті мәселелер, түйінді сын-қатерлер мен мүмкіндіктер» конференциясы өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inbusiness.kz-ке сілтеме жасап. 


Жиынға БҰҰ-ның Бала құқықтары жөніндегі өкілдері, Қазақстандағы БҰҰ Балалар Қоры (ЮНИСЕФ), Парламент, үкіметтік емес ұйымдар, бала құқықтары жөніндегі уәкілдер, педагогтер, ата-аналар және балалар өкілдері қатысты.


Конференцияға қатысушыларға Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов құттықтау сөзін арнады. Ол қатысушыларға балалардың құқықтарын қорғау саласындағы белсенділігі мен үлесі үшін алғыс білдіріп, Қазақстандағы Балалар жылын қорытындылады. Сондай-ақ балалық шақтың өзекті мәселелерін шешудегі одан әрі жүзеге асырылатын іс-қимылдар мен тәсілдер қарастырылды.



 «Еліміздің Президенті 2022 жылды Балалар жылы деп жариялады. Бұл мемлекеттің өскелең ұрпаққа маңызды көңіл бөлу және еліміздің болашағына қамқорлық жасау деңгейін көрсетеді. Балалар еліміздегі халықтың үштен бір бөлігін құрайды. Балалар жылында білім беру ұйымдарында балалардың тамақтануын жақсарту бойынша шаралар қабылданды. Тамақтану сапасын күшейту, тамақтану құнын реттеу, қолма-қол ақшасыз есеп айырысуды енгізу бөлігінде Тамақтануды ұйымдастыру қағидаларына өзгерістер енгізілді. Мектептегі тамақтануды қоғамдық бақылау жандандырылды. Маңызды бағыттардың бірі – қолайлы жағдайларды қамтамасыз ету. Апатты мектептерді, үш ауысымды оқытуды және оқушы орындарының тапшылығын жою үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы әзірленді. Бағдарламаға сәйкес, қалалар мен ауылдарда 800 мыңнан астам жаңа оқушы орындарына 401 мектеп салынады», - деді  Асхат Аймағамбетов.



Министр Балалар жылындағы келесі басым бағыт балабақшаларда, мектептер мен колледждерде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету екенін атап өтті. Барлық білім беру ұйымдарында камералар орнатылды, білім беру объектілерін қорғауды күшейту бойынша жұмыстар жүргізіліп келеді, турникеттер, дабыл түймелері орнатылып жатыр.


Балалар жылы тұңғыш рет баланы қорқытудан (буллингтен) қорғау құқығы бекітілді, тиісті алдын алу ережелерін әзірлеу бойынша құзырет енгізілді, бұл қудалауға ұшыраған балаларға уақтылы ескертуге және қажетті көмек көрсетуге мүмкіндік береді.


Сонымен қатар биыл білім беру ұйымдарының психологиялық қызметінің бірыңғай қағидалары қабылданды.


Елімізде балалардың әл-ауқатының индексі алғаш рет әзірленді. Әр бағытта лайықты өмір сүру жағдайларына, білімге, денсаулық сақтауға, инфрақұрылымға, зорлық-зомбылықтан қорғауға және әлеуметтенуге қол жеткізуді көрсететін ең маңызды индикаторлар таңдалды.


Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін іске асыру жалғастырылды. Бұл мектепке дейінгі ұйымдар желісін кеңейту, балабақшаларға бірыңғай кезектілік бойынша платформа әзірлеу, бұл кезекте қайталануды болдырмауға мүмкіндік береді.


Бұдан басқа, мүмкіндігі шектеулі балаларды тіркеуді автоматтандыруды көздейтін ПМПК модулі әзірленді. Бір ПМПК ашу нормативтері 60 мыңнан 50 мың балаға азайтылды.


Сонымен қатар Балалар жылы мектеп автобустарының автобус паркі алғаш рет ауқымды түрде жаңартылды. Ол 515 жаңа автокөлікпен толықтырылды.


Сондай-ақ мектеп кітапханаларының материалдық-техникалық базасы алғаш рет кешенді түрде жетілдірілді. Көркем әдебиет қоры мемлекеттік тілдегі басылымдармен толықтырылды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#балалар жылы #Оқу-ағарту министрі #қорытынды
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);