AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негіз...

Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері

Алматы 03.04.2026, 11:04 210 Дина
Оқиғалы туризм Алматыға деген қызығушылықтың негізгі драйверіне айналып келеді — Mastercard деректері
Алматы әкімдігі

Mastercard халықаралық төлем жүйесінің талдау деректеріне сәйкес, ірі халықаралық іс-шаралар Алматыға деген туристік қызығушылық пен қаланың экономикалық белсенділігіне айтарлықтай ықпал етеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Зерттеу қорытындысына сәйкес, 2025 жылы экономика жағынан тиімділігі мол үш ірі оқиға — FC Kairat пен Real Madrid CF арасындағы футбол матчы, сондай-ақ Jennifer Lopez пен Backstreet Boys концерттері болды.

Аталған іс-шаралар өткен кезеңде Mastercard халықаралық карталары бойынша транзакциялық белсенділіктің өскені тіркелді. Мәселен, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезінде шығындар көлемі іс-шараға дейінгі және кейінгі екі аптадағы орташа көрсеткішпен салыстырғанда 16%-ға артқан. Ал Jennifer Lopez концерті кезінде бұл өсім 11%-ды, ал Backstreet Boys концерті кезінде 3% болды.

Негізгі оқиғалардан бөлек, 2025 жылы Алматы туристер назарын өзге де ірі іс-шаралар арқылы аударды. Олардың қатарында Чемпиондар лигасы матчтары, Almaty Marathon, Almaty Open халықаралық теннис турнирі, Thirty Seconds to Mars тобының концерті, сондай-ақ Park Live фестивалі бар. Бұл фестивальге Robbie Williams пен Marilyn Manson секілді әлемдік жұлдыздар қатысты.

Сонымен қатар, талдау айқын фан-базасы бар іс-шаралардың жекелеген туристік сегменттерге әсері анағұрлым жоғары болуы мүмкін екенін көрсетті. Мысалы, «Қайрат» – «Реал Мадрид» матчы кезінде Испанияда шығарылған Mastercard карталары бойынша транзакциялық белсенділік ерекше өскен. Бұл Real Madrid CF клубының жанкүйерлік базасымен байланысты. Аталған сегментте транзакциялар көлемі 81%-ға, ал белсенді карталар саны 25%-ға артқан.

Жалпы алғанда, Mastercard дерегінше, 2025 жылы Алматыда халықаралық деңгейдегі 11-ден астам ірі іс-шара өткізілген. Бұл қалаға деген туристік қызығушылықтың артуына және оқиғалы туризмнің дамуына оң әсер етті.

Сонымен бірге, 2026 жылы да оқиғалы туризмнің туристер санына айтарлықтай ықпалы болмақ. Алматыда халықаралық аудиторияны тартуға қабілетті бірқатар ауқымды іс-шара жоспарланған. Олардың қатарында SOLΛNA фестивалі, Cirque du Soleil гастрольдері, Satisfaction Fest және Park Live музыкалық фестивальдері, сондай-ақ Jack White, Gorillaz, Ricky Martin, Natalie Imbruglia және Enrique Iglesias секілді әлемдік әртістердің концерттері бар. Бұл іс-шаралар Алматыға келетін туристер санын арттырып, қаланың экономикалық белсенділігіне оң ықпал етеді деп болжанып отыр.

Алматы қаласы Туризм басқармасының мәліметінше, оқиғалы туризмді дамыту — мегаполисті халықаралық деңгейде ілгерілетудің негізгі бағыттарының бірі. Ірі спорттық және мәдени іс-шараларды өткізу туристер санының артуына, қаланың танымалдығының өсуіне және қала экономикасының дамуына ықпал етеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);