конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Алматы / «Операдағы түн» ашық аспан астында мыңдаған алматы...

«Операдағы түн» ашық аспан астында мыңдаған алматылықтың басын қосты

Алматы 26.06.2026, 16:54 182 yakiya
«Операдағы түн» ашық аспан астында мыңдаған алматылықтың басын қосты

Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрында 92-театр маусымының шымылдығын жапқан «Операдағы түн» жобасы жоғары деңгейде өтіп, көрерменнің ыстық ықыласына бөленді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Бұл бірегей мәдени бастама музыка мен өнердің мерекесіне айналып қана қоймай, елдің мәдени өміріндегі айтулы оқиғалардың біріне айналды.

Іс-шара дәстүрлі театр кеңістігінің аясынан шығып, Алматыны дамытудың жаңа тұжырымдамасын айқын көрсетті. Бұған дейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Turkistan» газетіне берген сұхбатында Алматының Нью-Йорк, Мәскеу және Париж секілді тәулік бойы қарқынмен өмір сүретін, тұрғындар мен туристерге 24/7 режимінде қызмет көрсететін мегаполиске айналуы қажет екенін атап өткен болатын. «Операдағы түн» сол бастаманың жарқын көрінісіне айналды. Өнерге бөленген түнгі қала классикалық мұраның мәңгілік құндылықтары төңірегінде мыңдаған адамды біріктірді.

Театр алдындағы алаңда өткен ашық аспан астындағы концерт күткеннен де асып түсіп, 5 мыңнан астам көрерменді жиналды. Ұлы өнердің құдіретін сезінуге келген жұрт қаланың ең шалғай аудандарынан да арнайы ағылды.

Сол кеште театр алдындағы алаң жұлдызды аспан астындағы алып концерт залына айналды. Симфониялық оркестрдің сүйемелдеуімен театрдың жетекші солистері мен хоры әлемдік және ұлттық опера өнерінің жауһарларын орындады. Көрермендер Карл Орфтың әйгілі «O Fortuna» шығармасынан бастап, Верди мен Пуччини операларындағы әсерлі көріністерді, сондай-ақ қазақ операсының інжу-маржандары – «Біржан – Сара» мен «Абай» операларынан үзінділерді ерекше ықыласпен тыңдады. Кештің шарықтау шегі – мыңдаған көрерменнің театр артистерімен бірге аңызға айналған «Гүл Алматым» әнін бір дауыспен шырқауы болды.

Ауқымды жобаны жүзеге асыруға 200-ден астам өнерпаз қатысты. Олардың қатарында театрдың танымал опера шеберлері де, жас дарындар да бар. Бұл Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры қалыптастырған өнер мектебіндегі ұрпақ сабақтастығының айқын көрінісі.

Музыкалық сүйемелдеуді театрдың симфониялық оркестрі мен хоры қамтамасыз етті. Дирижерлік тізгінді маэстролар Нұржан Байбосынов пен Қуаныш Исмаилов ұстады. Бас хормейстер Әлия Темірбекова хордың үйлесімді әрі қуатты үнін қалыптастырса, қоюшы режиссер Наталья Кагадий мен режиссер Алуа Сабо концерт бағдарламасын тұтас көркем қойылым деңгейіне көтерді.

Көрерменге лық толы алаң, шынайы қуанышқа толы көңіл күй және өнермен үндескен мыңдаған алматылықтың ықыласы «Операдағы түннің» Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театрының жаңа дәстүріне айналғанын айқын аңғартты. Бұл жоба Алматының тәулік бойы өнердің тынысымен өмір сүретін мәдени астана ретіндегі келбетін айшықтай түскен маңызды мәдени бастама болды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Абай атындағы қазақ ұлттық опера және балет театры
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Джеки Чан Қазақстанда «Құдайдың сауыты: Ультиматум» фильмінің түсірілімін бастады

Бүгін 21:21

Тұрғын үйді сатып алу-сату мәмілелерінің саны 28,4% өсті

Бүгін 17:51

2026 жылғы 1-10 шілде аралығындағы ресми теріске шығарулар жиынтығы

Бүгін 17:48

Қазақстанда алғаш рет «SHAIQAS-2026» әскери-инженерлік чемпионаты өтіп жатыр

Бүгін 17:15

Бір апта ішінде Қазақстанда қызанақ, жұмыртқа және сүт өнімдерінің бағасы арзандады

Бүгін 17:02
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);