AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Референдум / «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметші...

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады

Референдум 16.03.2026, 11:49 244 yakiya
«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығының әскери қызметшілері референдумда мерзімінен бұрын дауыс беруді аяқтады
Ұлттық ұлан

Әскери бөлімдердегі сайлау учаскелері белгіленген тәртіпке сәйкес өз жұмысын жүргізіп, жеке құрам азаматтық таңдауын жасауға белсенді қатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Қазақстан Республикасының Конституциясына өзгерістер мен толықтырулар енгізу мәселесі бойынша өтіп жатқан республикалық референдум аясында Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығына қарасты әскери бөлімдердің аумағында орналасқан сайлау учаскелерінде мерзімінен бұрын дауыс беру аяқталды.

. Нәтижесінде «Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы әскери бөлімдерінің жеке құрамы референдумға толық қатысып, 100 пайыз дауыс берді.

Дауыс беру үдерісі әскери бөлімдер аумағында жоғары деңгейде ұйымдастырылып, барлық қажетті жағдайлар жасалды. Әскери қызметшілер заң талаптарына сәйкес келіп, ел болашағына қатысты маңызды шешім қабылдауға өз үлестерін қосты.

«Оңтүстік» өңірлік қолбасшылығы қолбасшысының орынбасары, полковник Атабек Салихбаевтың айтуынша, жеке құрам референдумға жоғары азаматтық жауапкершілікпен қатысты.

— Ұлттық ұлан әскери қызметшілері үшін Отанға қызмет ету – тек әскери борыш қана емес, сонымен қатар азаматтық парызды адал орындау. Бүгін жеке құрам референдумға белсенді қатысып, ел болашағына бейжай қарамайтынын көрсетті. Бұл – біздің әскери қызметшілердің мемлекет тағдырына деген жауапкершілігінің айқын көрінісі, — деді ол.

Айта кету керек, Ұлттық ұлан әскери қызметшілері еліміздегі қоғамдық-саяси маңызы бар іс-шараларға әрдайым белсенді қатысып келеді. Референдумға қатысу – олардың Отан алдындағы әскери борышымен қатар, азаматтық жауапкершілігін де жоғары деңгейде сезінетінін көрсетеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Ұлттық ұлан
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Тамаш Яккель, Халықаралық кинология федерациясының президенті: Қазақтың тазысы ұлттық мәдени мұраның бір бөлігі

Бүгін 16:21

Мемлекет басшысы Халықаралық кинология федерациясының президенті Тамаш Яккельді қабылдады

Бүгін 16:16

Тоқаев Ясутоши Нишимураны қабылдады

Бүгін 16:04

Алматыда халықаралық геосаясат пен түркі интеграциясы талқыланды

Бүгін 15:23

Абай университетінде «Бос орындар жәрмеңкесі» болып өтті

Бүгін 15:09
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика