AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Оқиға / Оңтүстік Кореяға барамыз деген алматылықтар алданы...

Оңтүстік Кореяға барамыз деген алматылықтар алданып қалды

Оқиға 12.08.2022, 04:22 1,163
Оңтүстік Кореяға барамыз деген алматылықтар алданып қалды
Сурет: Newvz.ru

Өйткені Easy Visa компаниясы уәдесінде тұрмаған.


Корея Республикасына кіруге электронды рұқсат алып береміз деген компанияға ақша өткізген 60-тан астам адам сан соғып қалды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы хабарлаған «Хабар 24» арнасының мәліметінше, әр адамнан 700 мың теңгеден жинап алған фирма жұртты бірнеше айдан бері сандалтып жүр.


Таңғы шық елінен күдер үзгендер енді компанияға берген ақшасын қайтара алмай әлек. Екі айдан бері құрғақ уәдені қанағат тұтып келе жатқан тұрғындар туристік фирманың табалдырығын тоздырған. Компания мамыр айында 60-тан аса адамның әрқайсысынан 700 мың теңгеден жинап алған. Маусымда дайын болады деген құжаттан әлі хабар жоқ.



«Мен өзіме, келіншегіме 1 млн 336 мың теңге бердім. Енді бұл аз ақша емес, өзім бес тиынсыз 7-8 ай жұмыссыз болғам. Сол жұмыс таппағандықтан, Кореяға кетуім керек болған. Енді сол кредитке алған ақшаны салып, мына жақтан кредит қысып жатыр, ал Кореяға аттандыруға тиіс кісі жоқ», - дейді жәбірленуші Рахат Майлыбаев.



Адамдарды алдап соққан компанияның ғаламторда арнайы парақшасы бар. Онда шет елге виза ашу жолдары туралы бірнеше бейнеролик жарияланған. Көбі осы жарнамаға және жазбаша келісімшартқа алдандық дейді.
Қомақты қаражатты жинап алған фирма басшылары екі айдан бері телефонға жауап бермейді, кеңсеге келсе, есік ашпайды екен. Шыдамы таусылған жәбірленушілер қалалық полиция департаментіне арыз жазған. Қазір Easy Visa компаниясына қатысты іс қозғалған.



«Аталмыш азаматтардың арызы Алматы қалалық полиция департаментінде тіркеліп, қылмыстық істі жүргізу үшін Алмалы аудандық полиция басқармасына жөнелтілді. Ол жақта азаматтардың арызы Қылмыстық кодекстің 190-бабы бойынша тіркеліп, алаяқтық дерегі бойынша қазіргі таңда тергеушілер бұл істі өз өндірісіне алды», - дейді қалалық полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#корея #полиция #компания
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы төрінде астаналық камералық хор өнер көрсетті

Бүгін 14:59

Алматыда ҰОС ардагерлері мен оларға теңестірілген тұлғаларға Жеңіс күніне орай материалдық көмек көрсетілді

Бүгін 14:33

Алматыда тағы бір заңсыз құрылыс нысаны сүрілді

Бүгін 12:02

Соңғы екі жылда Алматыда ешкім тамақтан ұшынған жоқ

Бүгін 11:31

Алматының барлық ауданында гүлмен көгалдандырудың бірыңғай бағдарламасы жүзеге асып отыр

Бүгін 11:14
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);