AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан мигрантта...

Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан мигранттарының саны едәуір кеміген – ҚР СІМ

Әлеумет 16.01.2023, 13:25 1,066 Almaty-akshamy
Оңтүстік Кореяда заңсыз жүрген Қазақстан мигранттарының саны едәуір кеміген – ҚР СІМ
Сурет: Ашық дереккөз

Қазір ол жақта 7-8 мыңға жуық азаматтарымыз жүр


ҚР Сыртқы істер министрлігінде өткен брифингте құзырлы ведомствоның ресми өкілі Айбек Смадияров Оңтүстік Кореяда Қазақстаннан заңсыз барушы мигранттар саны күрт кемігенін атап өтті, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


ҚР СІМ ресми өкілінің айтуынша, түзілген "жасыл дәліздің" арқасында онда заңсыз жүрген көп қазақстандықтар үйлеріне оралуға мүмкіндік алды.



"Соңғы келіп түскен мәліметтер бойынша, бір ай бұрын Оңтүстік Кореяда біздің заңсыз мигранттар саны азайған. Қазір ол жақта 7-8 мыңға жуық азаматтарымыз жүр. Ал алдында бұл цифр шамамен 11-12 мың болған",-деді Айбек Смадияров.



Ол көптеген адам осы "жасыл дәлізді" пайдаланғанын, бірақ адамдар онсыз да елге еш кедергісіз орала алатынын айтты.



"Онсыз да олар қайтамын десе, елге орала алады. Корея елшілігі қазір жаңа тәжірибе енгізді. Оған сәйкес, енді сол жаққа жетіп алып, азаматтарымыз бұрынғыдай қалып қоя алмайды. Кореяға визасыз режим бойынша келместен бұрын енді арнайы рұқсат алу қажет. Ол үшін барлық қажетті құжаттарды - авиабилетті, кері қайтатын авиабилетті және сақтандыру қағазын тапсыру қажет", - деді Айбек Смадияров.



2022 жылы Оңтүстік Кореяда қазанның 29-нан 30-ына қараған түні  Сеулдегі атақты Итхэвон ауданында  ең ірі қайғылы оқиға орын алды. Мейрамды тойлатқан ығы-жығы адамдар тар көшеде бір-бірін қысып, таптап кеткен.


Қаза тапқандар арасында, өкінішке қарай, бір Қазақстан студенті де бар болып шықты.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#корея #жұмыс #СІМ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

15 мамырда ауа райы қандай болады?

Бүгін 08:31

Қазақстан мен Түркия президенттері Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығына барды

Кеше 20:28

Демеу Жадраев 77 келіге дейінгі салмақта Қазақстан Кубогының чемпионы атанды. Финалда Париж Олимпиадасының күміс жүлдегері - Қаһарман Қисметовтан басым түсті

Кеше 19:01

Елордалық жасөспірім шахматтан Қазақстан чемпионы атанды

Кеше 19:00

Мейрамбек Айнағұлов Қазақстан Кубогының жеңімпазы атанды

Кеше 18:54
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);