AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Өнімділікті болжаудың әдісі әзірленуде

Өнімділікті болжаудың әдісі әзірленуде

Әлеумет 13.02.2023, 06:39 2,149
Өнімділікті болжаудың әдісі әзірленуде
Cуреттер: Almaty-akshamy.kz

Абай атындағы ҚазҰПУ-дың базасында Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитеті қаржыландыратын «Отырар ауданындағы топырақ тұздылығының жүгерінің өсіп-өнуіне әсерін зерттеу және дақылдың өнімділігін болжаудың ғарыштық әдісін әзірлеу» жоба сәтті жүзеге асырылуда.


Талантты ғалым, PhD докторы – Шахислам Лайсханов жетекшілік ететін ғылыми жобаны Абай университетінің географ-ғалымдары және Ө.О. Оспанов атындағы Қазақ топырақтану және агрохимия ғылыми зерттеу институтының топырақтанушы-ғалымдары бірлесіп орындауда. Жоба аясында ғалымдар біршама нәтижелерге қол жеткізіп, бірқатар жарияланым жасаған, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



Атап айтар болсақ, жоба аясында Scopus және Web of science халықаралық деректер базасына кіретін журналдарда  3 мақала, ғылым және жоғары білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті ұсынған рецензияланатын отандық басылымда 1 мақала, халықаралық конференциялық жинақта 1 мақала және 1 монография жариялаған.


Жоба аясында ғалымдар Отырар ауданының жүгері егістіктеріндегі топырақтардың тұздануы уақыттық (мезгілдік) және кеңістіктік тұрғыдан құбылатынын анықтап, бұл құбылыстың мезгілдік және кеңістіктік динамикасын жасап, зерттеу нысанындағы топырақтардың тұздану заңдылықтарын анықтаған. Сонымен қатар, жүгері егістіктеріндегі топырақтардың тұздануын далалық зерттеу және ғарыштық әдістерді қолдана отырып зерттеу және жерді қашықтан зерделеу мәліметтерін негізге ала отырып, тұздану картасын құрастырудың алгоритмдерін дайындаған.  
Қазіргі таңда, зерттеу тобы екі жылдық зерттеу нәтижесінде жүгері дақылының өнімділігін болжаудың жаңа әдісін әзірлеп, оны сынақтан өткізу мәселесімен айналысуда. «Жоба нәтижесінде әзірленетін әдісті қолдану арқылы басқа да суармалы жағдайдағы жерлерде жүгері өсірген жағдайда, қанша өнім беретінін болжауға болады. Бұл әдіс тек жүгерінің өнімділігін ғана емес, басқа дақылдардың өнімділігін болжауға септігін тигізе алады. Осылайша, өнімділік әлеуеті жоғары жерлерді анықтап, суармалы егістік көлемін ұлғайту және ауылшаруашылық өндірісті арттыру сияқты жұмыстарға оң әсер ететіні күтілуде.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Өнімділік #болжау #Әдіс
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстан мен ГФР президенттері шағын құрамда келіссөз жүргізді

Бүгін 18:30

Алматының арнайы мектептерінде инклюзияның жаңа тәсілдері енгізілуде

Бүгін 18:13

Абай университетінің ғалымдары мектеп оқушыларына сабақ берді

Бүгін 18:07

Мемлекет басшысы D.A.R. Metall AG басқарма төрағасы Кристиан Артнерді қабылдады

Бүгін 17:45

Алматы мен Астана Орталық Азия және Каспий өңіріндегі жетекші қалалар қатарына енді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);