AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Өнердегі өткір ой: Батыс Еуропада белгілі карикату...

Өнердегі өткір ой: Батыс Еуропада белгілі карикатурашы Ғалым Смағұлұлының көрмесі ашылды

Мәдениет Бүгін 11:29 44 Сұлу
Өнердегі өткір ой: Батыс Еуропада белгілі карикатурашы Ғалым Смағұлұлының көрмесі ашылды
Ғалым Смағұлұлы

Ғалым Смағұлұлы – Орталық Азиядағы ең көп марапатқа ие карикатурашылардың бірі. Ал ең бастысы – біздің осындай талант иесімен «Almaty аqshamy» газетінде иықтаса бірге қызмет етіп жүргенімізді қалай мақтанышпен айтпасқа?!

Ғалым таяуда шығармашылықтың тағы бір баспалдағына көтерілді. Яғни Бельгияның Круйшоутем қаласындағы European Cartoon Center орталығында «Images Finding a Voice» («Карикатура сөйлесін») атты жеке көрмесі ашылды, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Айта кетсек, ECC жай ғана мұражай-орталық емес. Бұл – карикатура үйі. Оның негізін салушы – бельгиялық суретші, педагог және кең ауқымды карикатура биенналесін қалаушы Руди Гейсенс. Іргетасы осыдан жиырма жыл бұрын қаланған. Екі жылда бір рет халықаралық карикатурашылар байқауын ұйымдастыратын және әлемнің түкпір-түкпірінен танымал карикатурашылардың жеке көрмесін өткізетін беделді орталық. Әріптесіміз Ғалым Боранбаев жыл басында дәл осы орталықтың шақыртуын алғанда басында мүлдем сенбегенін айтады.

Ғалым Смағұлұлы Орталықтың президентімен

«Шақыртуды маған шатасып жіберген шығар, әлемде мықты карикатурашы көп қой» деп ойладым да, қателескен боларсыздар деп хат жазып жібердім. Алайда ұйымдастырушылардан «Біз қателескен жоқпыз, кімге хат жазғанымызды жақсы білеміз» деген жауап алдым. Әрине, толқыдым, қуандым», – дейді әріптесіміз.

Ғалымның көрмесі хорватиялық танымал карикатурашы Никола Листешпен қатар ашылды. Дәстүр солай. Карикатурашылар орталығы бір мезетте екі шебердің өнерін ұсынады.

Ғалым Смағұлұлының бұл шетелдегі, оның ішінде Батыс Еуропадағы алғашқы жеке көрмесі. Ал бұған дейін көрмелері Алматыда екі рет, туған жері Жаркент қаласында бір мәрте өткен. Сонымен қатар, халықаралық карикатура байқауларына тұрақты түрде қатысып келеді. Жеңіссіз оралған емес. Мәселен, оның ең беделді жетістіктерінің қатарында екі гран-при жүлдесі бар: Nasreddin Hodja International Cartoon Contest (Түркия, 2019) және Molla Nasreddin International Cartoon Contest (Әзербайжан, 2005).

Бұдан бөлек, ол Қытай, Иран, Испания, Түркия және Қазақстанда өткен көптеген халықаралық байқауларда бірінші орын иеленіп, өзінің жоғары көркемдік деңгейі мен халықаралық беделін дәлелдеген карикатурашы.

Боранбаевтың шығармашылығы осының алдында да Бельгияда жоғары бағаланған болатын. 2020 жылы ол George van Raemdonck Cartoonale байқауында бірінші жүлдені жеңіп алды. Ал 2024 жылы Silver Hat Award («Күміс қалпақ») сыйлығына ие болды.

Беделді European Cartoon Center карикатурашылар орталығының ресми сайтына үңілгенімізде, әріптесіміз туралы жазылған жылы лебізді көзіміз шалды.

«Ол адам құқығы, соғыс және әлеуметтік теңсіздік сияқты күрделі мәселелерді әзіл, ирония және көркемдік жағынан бай символика арқылы көтереді. Сонымен қатар, оның туындыларында әрдайым адамға деген жанашырлық сезімі байқалады. Боранбаевтың сыншыл көзқарасы өткір сатира түрінде емес, нәзік әрі ойнақы тәсілмен берілетіндіктен оның карикатуралары аудиторияға түсінікті әрі мазмұны жағынан әмбебап сипатқа ие», – депті шетелдік басылым.

Ғалым Смағұлұлының «Карикатура сөйлесін» атты жеке көрмесі үш ай бойы жалғасады. Оған жүзге тарта туындысы қойылған. Айтпақшы, EСC өкілдері жерлесіміздің шығармашылығына арналған альбом-кітап та шығарыпты.

«Көрменің жоғары деңгейде өтуіне қолдау көрсеткен орталық президенті Руди Руди Гейсенске, басқарушы Саския Гейзенске және бүкіл командаға шынайы алғысымды білдіремін», – дейді карикатурашы Ғалым Смағұлұлы.

Біздің (журналистердің) мақаламыздағы айтпағымызды алақандай ғана бір суретке сыйдырып, қалам ұшымен төгілте қоятын Ғалым Смағұлұлы басты мақсатым – қоғам шындығын әзілмен жеткізе отырып, қоғамға ой салу дейді.

Нұржамал ӘЛІШ

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Карикатура #Көрме
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Медеу» бөгетінің баспалдағына жыл сайынғы жүгіру жарысы өтеді

Бүгін 10:59

Синоптиктер қазақстандықтарға ескерту жасады

Бүгін 09:05

Іле Алатауы ұлттық паркіне – 30 жыл: тау экожүйелерін сақтау мәселесі халықаралық деңгейде талқыланды

Кеше 22:31

Елзат Ескендірдің «Әбілі»: өтпелі кезеңнің көркем келбеті

Кеше 21:33

«Вечерний Алматы» газетінің шығармашылық ұжымына Президенттің БАҚ саласындағы Алғысы берілді

Кеше 18:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);