Бұған дейін ақмолалық құтқарушылар иттерді, мысықтарды және түйелерді де құтқарған. Енді жылқыларды да құтқаруға тура келді, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz
Нұра өзенінің тасуына байланысты бір күнде бірден екі табын жылқы құтқарылды. Жануарлардың суға кету қаупі болды.
Ақмола облысы ТЖД Жедел-құтқару жасағының қызметкерлерінің жылдам әрекеті арқасында алдымен Нұра ауылының маңында 6 жылқы және Рахымжан Қошқарбаев ауылының маңында тағы 12 жылқы құтқарылды.