AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Оң жақ рөлді көліктерге тағы қауіп төнді

Оң жақ рөлді көліктерге тағы қауіп төнді

Әлеумет 15.08.2024, 12:27 1,201
Оң жақ рөлді көліктерге тағы қауіп төнді
almaty-akshamy.kz

Шетелдік және оң жақ рөлді көліктерді inDrive қызметінен 2025 жылға дейін толық шығарады

Қазақстандағы inDrive қызметінен шетелдік және оң жақ рөлді көліктер 2025 жылдың басына дейін толықтай шығарылады. Бұл туралы Көлік министрі Марат Қарабаев пен сервистің негізін қалаушы Арсен Томский арасындағы кездесудің нәтижесінде белгілі болды. Тараптар сондай-ақ агрегатор, Көлік министрлігі және Ішкі істер министрлігі арасындағы жылдамдық режиміне қатысты мәліметтер алмасу мәселесін талқылады, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Кездесу барысында inDrive өкілдері 1 сәуірден бастап платформасында оң жақ рөлді көліктерді тіркеуге рұқсат берілмейтінін мәлімдеді. Сонымен қатар, Көлік министрлігі мен Ішкі істер министрлігімен жасалған меморандумға сәйкес, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап бұрын тіркелген «оң жақ рөлді» көлік жүргізушілері сервисінен шығарылады. Мұндай шектеулер шетелдік көліктердің иелеріне де қатысты болады.

Өз кезегінде Қарабаев жолаушылар тасымалының қауіпсіз, бәсекеге қабілетті және өркениетті нарығын құрудың маңыздылығын атап өтті. Осы тұрғыда ведомство басшысы такси қызметіне қойылатын негізгі талаптарды еске салды:

  • жүргізушілер рейс алдындағы медициналық тексеруден өтуі, еңбек және демалыс режимін, сондай-ақ жылдамдық режимін сақтауы тиіс;
  • такси қызметіне пайдаланылатын көлік Қазақстанда тіркелуі және жылына екі рет техникалық тексеруден өтуі керек.

Сонымен қатар, Көлік министрлігі  қалааралық тасымалдау үшін шектеулер енгізу мәселесі талқылау сатысында екенін атап өтті. Ведомство ақпарат жинауды жалғастырып, такси компанияларымен келіссөздер жүргізуде.

30 шілдеде үкіметтегі брифингте Марат Қарабаев ведомствоның такси агрегаторларына ұзақ қашықтыққа жүруге тыйым салғысы келетінін мәлімдеді. Кейіннен inDrive компаниясы қалааралық тасымалдаулардың ыңғайлы екенін айтып, Көлік министрлігінен бұл мәселені барлық тараппен талқылауды сұрады.

Кейіннен, сын-пікірлер толқынынан кейін, Көлік министрлігі таксилерге қалааралық тасымалдауларға тыйым салу туралы қоғамдық тыңдаулар өтетінін мәлімдеді. Сондай-ақ, министрліктің жоспары бойынша, «Яндекс.Такси» және InDrive жүргізушілерін күнделікті Face ID және медициналық тексеруден өтуге міндеттемек.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#inDrive #Такси #Көлік министрлігі
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Наурыз шоу»: Қазақ мемлекеттік циркі алматылықтарға бірегей бағдарлама ұсынды

Кеше 20:58

Алматыда Абай алаңында түркі халықтарының қолөнері таныстырылды

Кеше 20:15

Тазару күні әскерилер гарнизондарда экологиялық бастамалар өткізді

Кеше 20:06

Алматыдағы Абай алаңында Наурыз мерекесіне арналған іс-шаралар жалғасып жатыр

Кеше 19:56

Концерттен кейін – тазалық жұмыстары: алматылық еріктілер Астана алаңында сенбілік өткізді

Кеше 19:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика