AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жи...

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Білім және ғылым 03.04.2026, 19:18 404 Дина
Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Абай университетінде қазақ тіл білімінің көрнекті өкілі, филология ғылымдарының докторы, ҚР ҰҒА академигі Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған «Ғылымды дамытудағы қоғамдық ұйымдардың рөлі» атты ғылыми-практикалық дөңгелек үстел өтті. Тағылымды іс-шара Халықаралық қазақ тілі қоғамы және Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығымен бірлесіп ұйымдастырылды. Келелі жиынға университет басшылығы, елімізге белгілі ғалымдар және тіл жанашырлары мен академиктің туыстарықатысты, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өмірзақ Айтбаев – саналы ғұмырын қазақ тіл білімін өркендетуге, мемлекеттік тілдің қоғамның барлық саласында орнығуына арнаған тұлға.Ғалымның зерттеулері отандық лингвистиканың, соның ішінде терминология саласының қалыптасуы мен дамуына зор ықпал етті. Академик бұл бағыттың бастауында тұрған Ахмет Байтұрсынұлы дәстүрін жалғап, жаңа деңгейге көтерді. Өмірзақ Айтбаев саналы ғұмырында 500-ден астам ғылыми еңбек, 20-дан астам монография мен оқу құралдарын шығарды.

Алқалы жиынды Филология ғылымдары зерттеулерін сараптамалық үйлестіру орталығының президенті, академик Кәрімбек Құрманәлиевтің модератор ретінде жүргізіп, қайраткердің қоғамдық және ғылыми қызметін баяндады. Дөңгелек үстелді кіріспе сөзбен ашқан Абай атындағы ҚазҰПУ-дың Басқарма Төрағасы-Ректоры Болат Тілепмерейтойдың мән-маңызына тоқталып, оны ғылым онкүндігі аясында өткізудің айрықша сипаты бар екенін айтты.

– Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығы ғылым декадасымен тұспа-тұс келуінің символикалық мәні бар. Өйткені ғылым – қоғам дамуының негізгі қозғаушы күші. Ал ғылымның ілгерілеуі тек ғалымдардың еңбегіне ғана емес, қоғамдық институттардың қолдауына да тікелей байланысты. Осы тұрғыдан алғанда, елімізде тіл ғылымының дамуына айрықша үлес қосқан құрылымдардың бірі – Халықаралық қазақ тілі қоғамы. Оның қалыптасуына Әбдуәли Қайдар, Рабиға Сыздық, Шора Сарыбаев, Мырзатай Жолдасбеков және Өмірзақ Айтбаев сынды тұлғалар өлшеусіз еңбек сіңірді, – деді ректор.

Жиын барысында ғылыми қауымдастық өкілдері академиктің тіл саясаты, терминология және қазақ тілін ғылым тілі ретінде дамыту бағытындағы еңбектерін жан-жақты талқылады. ҚР ҰҒА академигі Ерден Қажыбек ғалымның ғылыми ұстанымдары мен тұлғалық болмысына тоқталып, қазақ терминологиясын жүйелеудегі тарихи рөлін айрықша атады. Филология ғылымдарының докторы, профессор Қалбике Есенова қазіргі қазақ тілінің даму үдерістерін саралап, академик еңбектерінің бүгінгі цифрландыру дәуірімен сабақтастығын ғылыми тұрғыда негіздеді.

Сонымен қатар Анар Фазылжан, Анар Салқынбай, Жаңалық Балтабаева сынды ғалымдар қазақ тілінің өзекті мәселелері бойынша пікір білдіріп, қоғамдық ұйымдардың ғылыми үдерістерді үйлестірудегі маңызына, халықаралық ынтымақтастықты кеңейтуге қатысты ұсыныстарын ортаға салды. Алматы қаласындағы тіл саясатын жүзеге асыру тәжірибесі жөнінде Бақыт Қалымбет баяндама жасап, өңірлік жобалардың тиімді тұстарын атап өтті.

Басқосу соңында қатысушылар ғылым мен қоғам байланысын нығайту, ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру және мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру бағытындағы бастамаларды жүйелі жалғастыру қажеттігін баса айтты.Тағылымды кездесу мерейтойлық сипатпен шектелмей, қазақ тілінің ғылым кеңістігіндегі орны мен болашағына қатысты маңызды ойлар тоғысқан мазмұнды пікір алаңына айналды.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Астанада «Алтын Орда – дала өркениетінің үлгісі: тарих, археология, мәдениет, бірегейлік» атты халықаралық симпозиумның Қарары қабылданды

Бүгін 20:35

Жәния Бекмұхамбетова Таиландтағы WTT Youth Contender турнирінде қола медаль жеңіп алды

Бүгін 18:44

Қазақстан құрамасы секіру дисциплиналары бойынша Азия чемпионатын бір медальмен аяқтады

Бүгін 18:42

Қазақстандық спортшылар Мәскеудегі қоян-қолтық ұрыстан әлем кубогы кезеңінде медаль жеңіп алды

Бүгін 18:39

Алматы қаласы Білім басқармасының басшысы болып Сәкен Аралбаев тағайындалды

Бүгін 18:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);