AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / «Өмірге-өмір жалғассын»

«Өмірге-өмір жалғассын»

Мәдениет 27.04.2023, 20:00 1,080 Almaty-akshamy
«Өмірге-өмір жалғассын»
Сурет: Ашық дереккөз

Онкологиялық ауруларды дестигматизациялауды қолдау көрмесі


Осы жылдың 3-14 мамыр аралығында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік орталық музейінде онкологиялық ауруларды дестигматизациялауды қолдау мақсатында «Өмірге-өмір жалғассын» көрмесі өтеді, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz. 
Көрмеге Алматы қаласының, сонымен қоса қазақстандық жас суретшілердің цифрлық және дәстүрлі кескіндеме техникасында орындалған туындылары қойылады. Көрмеде ауруды жеңе алған үш кейіпкердің әңгімелері, сондай-ақ оларды ашқан фотосуреттері басты орын алады.


Көрменің басты мақсаты – келушілерге ауруды жеңген кейіпкерлердің жолын түсінуге және сезінуге мүмкіндік беру.


 Қазақстандық суретшілер Бақыт Бубиканова, Асхат Ахмедияров, Аружан Жұмабек, Олег Зуев және Георгий Трякин-Бұхаровтың жұмыстарынан құралған көрме Алматы қаласында өтеді.


«Seniminmen» қорының мүшелерінің айтуынша, онкологиялық науқастарды емдеу үшін ең маңызды қадам – психологиялық көмек. Қордың негізін қалаушы психотерапевт, онкопсихолог Динара Құсайынованың айтуынша, қатерлі ісік науқастың моральдық жағдайына қатты әсер етеді. Психологиялық көмек науқастарға диагнозына байланысты күйзелісті, мазасыздықты және үрейді жеңуге мүмкіндік береді.


 Адамдарға онкология диагнозын қою – көбінесе үлкен күйзеліске түсіріп, түрлі психикалық ауытқуларға ұшыратады. Бұл ауруды бастан кешіру эмоционалды және когнитивті кезеңдерден тұрады. Дертке шалдыққан адам стигм әсерінен аурудың алдын алу үшін тексерістен өтуге, диагнозын басқаларға айтуға тартыншақтауына байланысты психологиялық сүйемелдеуді талап етеді.


Әлемдік тәжерибеге сүйенетін болсақ, қатерлі ісікке шалдыққан адамдар дертті жеңіп шығу үшін, психологиялық көмек онкологиялық науқастарға арналған терапияның ажырамас бөлігі болып табылады, өйткені бұл оларға оң көзқарасты сақтауға және аурумен күресуде төзімділікті нығайтуға көмектеседі.


«Seniminmen» қоры – онкологиялық ауруды жеңген адамдардың табысты оқиғалары мен оң нәтижелерін аталмыш дертпен бетпе-бет келген көптеген адамдар мен олардың жақындарын ынталандырып, оң әсерін тигізеді деп үміттенеді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Көрме #онкология
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дархан Сатыбалды соғыс ардагерлерінің шаңырағына барды

Бүгін 16:47

Тоқаев Мәскеудегі Жеңіс парадына қатысты

Бүгін 15:50

Айдын Рахимбаев пен жұбайы байлығының жартысынан көбін қайырымдылыққа жұмсамақ

Бүгін 14:18

“Айс Мұратова” ісі: Үш жүзге жуық адамды сан соқтырған алаяқ 12 жылға сотталды

Бүгін 13:21

Алматыдағы корей театры Бауыржан Момышұлының ерлігін дәріптейтін спектакль ұсынды

Бүгін 12:46
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);