конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Өмір үшін күрестің 63 күні

Өмір үшін күрестің 63 күні

Медицина 25.06.2026, 15:33 294 yakiya
Өмір үшін күрестің 63 күні
видео кадры

Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап Алматы қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталықтың үлкен мамандар командасы сәбидің өмірі үшін күрес жүргізді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Нәресте мерзімінен бұрын дүниеге келіп, салмағы небәрі 950 грамм болды. Жағдайы аса ауыр еді: ауыр дәрежедегі респираторлық дистресс-синдром және терең морфофункционалдық жетілмеушілік анықталды.

Өмірінің алғашқы минуттарынан бастап Алматы қаласындағы №2 Қалалық перинаталдық орталықтың үлкен мамандар командасы сәбидің өмірі үшін күрес жүргізді. Алғашқы 60 күн бойы нәресте реанимация және қарқынды терапия бөлімшесінде ем қабылдады. Оның ішінде 38 тәулік жасанды өкпе желдету аппаратында болды.

Әрбір күн оңайға соққан жоқ. Дәрігерлер тәулік бойы баланың жағдайын бақылап, емдеу тактикасын түзетіп, әлі толық жетілмеген ағзаның қызметін қолдап, сәбидің біртіндеп күш жинап, сауығуына бар күш-жігерін салды.

Осы күрделі жолда нәрестеге медициналық көмек көрсеткен дәрігерлердің бірі – неонатолог-реаниматолог дәрігер Наргиза Оскарова. Неонаталдық қызметтің жұмысын директордың неонаталдық қызмет жөніндегі орынбасары Айнурым Сарбас үйлестірді.

Қазір кішкентай пациентке 63 күн толды. Ең қиын кезең артта қалды. Қазіргі уақытта ол жаңа туған нәрестелер патологиясы бөлімшесіне ауыстырылып, әрі қарайғы күтімі мен емін дәрігер Акерке Тұрғынбек жүргізуде.

Бұл оқиғаның артында даңғаза сөздер жоқ. Мұнда екі ай бойы нәрестенің өмірі үшін күрескен, оның сауығу жолындағы ең маңызды қадамдарын жасауына көмектескен №2 Қалалық перинаталдық орталық дәрігерлерінің, мейіргерлерінің және барлық қызметкерлерінің күнделікті қажырлы еңбегі жатыр.

Сәбидің анасы ұлының өміріндегі ең қиын әрі алаңдаушылыққа толы күндерде кәсіби шеберлік, қамқорлық және қолдау көрсеткен орталықтың медицина қызметкерлеріне шынайы алғысын білдірді.

Бүгінгі күні нәрестені алда қалпына келудің жаңа кезеңі күтіп тұр. Ал оның жанында бұрынғыдай өсуіне, күш жинауына және сауығуына көмектесуді жалғастырып жатқан білікті мамандар бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Сәби
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматының Белсенді ұзақ өмір сүру орталықтарында жыл басынан бері 333 мыңға жуық қызмет көрсетілді

Бүгін 10:23

+45 градус: демалыс күндері еліміздің басты қалаларында ауа райы қандай?

Бүгін 10:02

Алматыда ай сайынғы ақшалай қамсыздандыру алатын спортшылар саны шамамен төрт есеге артты

Кеше 19:25

Қазақстанда есту және сөйлеу қабілеті шектеулі жандар туралы тұңғыш толықметражды фильм түсіріліп жатыр

Кеше 17:43

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігі уақытша жабылады

Кеше 17:17
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);