AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдени Алматы / «Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешован...

«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді

Мәдени Алматы Бүгін 17:42 50
«Қазақтың Қыз Жібегі»: Алматыда Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған шығармашылық кеш өтеді
Алматы әкімдігі

Бұл образ ұлттық мәдениеттің символдық бейнелерінің бірі ретінде танылды, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

4 қараша күні «Алатау» дәстүрлі өнер театрында Қазақстанның халық артисі, театр және кино өнерінің көрнекті өкілі Меруерт Өтекешованың 75 жас мерейтойына арналған «Қазақтың Қыз Жібегі» атты шығармашылық кеш өтеді.

Меруерт Өтекешова – қазақ сахна өнерінің жарқын өкілі, қайталанбас талантымен көрермен жүрегінен орын алған өнер иесі. «Парасат» және «Құрмет» ордендерінің иегері ұлттық өнердің дамуына елеулі үлес қосты. Оның шығармашылық жолы мен сахналық шеберлігі бірнеше буын көрерменіне үлгі болды. Актрисаның есімі қазақ театр және кино өнерінің тарихында ерекше орын алады.

Меруерт Өтекешованың шығармашылық жолы – үздіксіз ізденіс пен мақсаткерліктің, кәсіби шеберлік пен өнерге адалдықтың жарқын көрінісі. Актриса сахнада және экранда сомдаған бейнелері арқылы адам жанының тереңдігін, сезім нәзіктігін және рухани құндылықтардың маңызын көрерменге шебер жеткізе білді. Әрбір рөліне өзіндік көркемдік қолтаңба мен ерекше сипат беріп, кейіпкерлерінің ішкі жан дүниесін шынайы ашты. Бұл актрисаның шығармашылық даралығын айқындайтын басты ерекшеліктердің бірі.

Актрисаның есімін халық жадында мәңгі сақтаған жарқын бейнелердің бірі «Қыз Жібек» көркем фильміндегі Жібек рөлі. Бұл образ қазақ кинематографиясының алтын қорына енген туындының ажырамас бөлігіне айналып, ұлттық мәдениеттің символдық бейнелерінің бірі ретінде танылды. Меруерт Өтекешова сомдаған Жібек – сұлулықтың, нәзіктіктің, адалдық пен асқақ сезімнің көркем бейнесі. Аталған рөл актрисаның шығармашылық даралығын айқын танытып қана қоймай, қазақ өнерінің тарихында өшпес із қалдырды.

«Қазақтың Қыз Жібегі» шығармашылық кеші – көрнекті өнер қайраткерінің мерейтойына орай ұйымдастырылатын маңызды мәдени іс-шара. Кештің басты мақсаты – актрисаның шығармашылық мұрасына құрмет көрсету, қазақ театр және кино өнерінің дамуына қосқан үлесін дәріптеу, сондай-ақ жас ұрпаққа ұлттық мәдениеттің көрнекті тұлғаларының өмірі мен шығармашылық жолын үлгі ету.

Мерейтойлық кеш аясында Меруерт Өтекешованың шығармашылық өмірбаяны, өнердегі ізденістері мен қазақ мәдениетіне қосқан үлесі кеңінен таныстырылады. Кеш бағдарламасының негізгі мазмұнын актрисаның тағылымды өмір жолы, өнерге деген адалдығы, сахнада сомдаған жарқын бейнелері мен көрерменнің ыстық ықыласына бөленген шығармашылық мұрасы туралы сыр шертетін естеліктер құрайды.

Бұл кеш – бір өнер иесінің мерейтойын атап өту ғана емес, тұтас бір дәуірдің рухани шежіресіне айналған қазақ сахна өнеріне көрсетілген құрметтің белгісі. Ұлттық өнердің дамуына өлшеусіз үлес қосқан тұлғаның шығармашылық жолын дәріптеу арқылы іс-шара көрерменнің рухани дүниесін байытуға, ұрпақтар сабақтастығын сақтауға және мәдени мұраға деген қызығушылықты арттыруға бағытталған.

«Алатау» дәстүрлі өнер театры барша көрерменді қазақ өнерінің көрнекті тұлғасына арналған мерейтойлық шығармашылық кешке шақырады.

Күні: 2026 жылы 4 қараша

Уақыты: 18:00

Өтетін орны:«Алатау» дәстүрлі өнер театры (Нұркент шағынауданы, 6)

Байланыс телефоны: +7 747 214 5230

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда таеквондодан Қазақстан чемпионаты өтеді

Бүгін 18:11

Ақтөбе облысында Мемлекет басшысының Жолдауын түсіндіруге арналған кездесулер өтті

Бүгін 18:08

Махамбет ауданында Президент Жолдауының негізгі міндеттеріне арналған кездесу өтті

Бүгін 17:30

Қазақстан семсерлесушілері U23 Азия чемпионатын 11 медальмен аяқтады

Бүгін 17:25

Алексей Чуркин ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жүлдеге бір қадам жетпей қалды

Бүгін 17:22
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);