конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Олжас Бектенов Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралы...

Олжас Бектенов Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты

Экономика Бүгін 09:53 43
Олжас Бектенов Шолпан-Атада Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысына қатысты
Primeminister.kz

Қатысушылар ЕАЭО мемлекеттері тауарларының жаңа нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде пікір алмасты, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Шолпан-Ата қаласында (Қырғызстан) Қазақстан Республикасының Премьер-министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен Еуразиялық үкіметаралық кеңестің шағын құрамдағы отырысы өтті.

Жиынға Армения, Беларусь премьер-министрлері, Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы – Президент Әкімшілігінің басшысы, Ресей Федерациясы Үкіметінің төрағасы, Еуразиялық экономикалық комиссия алқасының төрағасы қатысты.

ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің басшылары аймақтың макроэкономикалық тұрақтылығын сақтау және экономикалық әлеуетін арттыру, халықтың өмір сүру сапасын жақсарту, өзара сауданы дамыту, Бірлестік елдері нарығындағы кедергілерді жою жөнінде міндеттер қойып отыр.

«Қазақстан Республикасының Еуразиялық экономикалық одақ органдарына төрағалық етуі аясында біз жасанды интеллектіні дамытып, логистикалық хабтар құру, өнеркәсіп және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру, кедергісіз сауданы қамтамасыз ету, сондай-ақ сыртқы серіктестермен жаһандық диалог құру бағытын дәйекті түрде қолдаймыз. Дәл осы ұстанымды Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Одаққа мүше мемлекеттердің басшыларына жолдауында белгілеген болатын. Бүгінгі отырыс қорытындысы бойынша қол жеткізілген уағдаластықтар ЕАЭО шеңберінде алға қойылған мақсаттарды жүзеге асыруға және өзара тиімді ынтымақтастықты одан әрі нығайтуға елеулі үлес қосатынына сенімдімін», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Шағын құрамдағы отырыста мүше мемлекеттердің азық-түлікпен қамтамасыз етілуі және ЕАЭО-ның негізгі сауда әріптестерімен сауда-экономикалық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері қаралды. Қатысушылар ЕАЭО мемлекеттері тауарларының жаңа нарықтарға шығуы үшін қолайлы жағдайлар жасау жөнінде пікір алмасты.

Қазақстан Премьер-министрі биылғы мамыр айында Астанада өткен Жоғары Еуразиялық экономикалық кеңестің отырысында мемлекеттер басшылары қол қойған АӨК саласындағы қаржылық жәрдемдесудің жаңа тетігі ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірудің оң серпінін қолдауға ғана емес, өзара сауданы дамытуға, бірлескен кооперациялық жобаларды ынталандыруға мүмкіндік беретінін атап өтті.

ЕҮАК отырысының жұмысы кеңейтілген құрамда жалғасады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Оқушылардың білімін бағалау жүйесін қайта қаралады

Бүгін 10:45

Ұлттық ұланда 40-қа жуық егіз әскери борышын өтеп жүр

Бүгін 10:43

Еңбек кодексінде не өзгеріс бар?

Бүгін 10:20

Қайтарылған активтер: Ақмола облысында сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін жаңғыртуға 1,4 млрд теңге бөлінді

Бүгін 10:18

Алматыдағы үлкен кәсіпорындар сайлауға қатысуға шақырды

Бүгін 09:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);