AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Жолдау / Олжас Бектенов: Президент Жолдауын жүзеге асыру жө...

Олжас Бектенов: Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жұмысымыздың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету

Жолдау Бүгін 13:18 47
Олжас Бектенов: Президент Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жұмысымыздың басты мақсаты – азаматтардың әл-ауқатын жақсарту және еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету
Primeminister.kz

Премьер-министр Үкімет отырысында бірқатар тапсырма берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Премьер-министр Үкімет отырысында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жүзеге асыру бойынша жұмысты тиімді ұйымдастыруды тапсырды. Олжас Бектенов халықты әлеуметтік қолдауды жетілдіру, денсаулық сақтау саласын жаңғырту, инклюзивті білім беруді дамыту және педагогтер мәртебесін арттыру жөнінде бірқатар тапсырма берді.

«Мемлекет басшысының Жолдауын жүзеге асыру жөніндегі жұмысымыздың басты мақсаты – азаматтарымыздың әл-ауқатын арттыру және еліміздің орнықты дамуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері мүдделі мемлекеттік органдармен бірлесіп, 2027 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшерін 110 мың теңгеге дейін арттыруды қамтамасыз етуі тиіс.

Халықты әлеуметтік қамсыздандыру жүйесіндегі жаңа тәсілдер шын мұқтаж жандарға көмек көрсетуге мүмкіндік береді. Еңбек министрлігіне мүдделі мемлекеттік органдармен және екінші деңгейлі банктермен бірлесіп, 1 желтоқсанға дейін отбасылардың нақты жағдайын барынша есепке алу үшін цифрлық жүйелерді интеграциялауды қамтамасыз ету тапсырылды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес мемлекеттік қолдау шараларын пилоттық режимде кезең-кезеңімен жүзеге асыру қажет. Еңбек министрлігіне Отбасының әл-ауқатын бағалау әдістемесін енгізу жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жедел қабылдануын қамтамасыз ету тапсырылды.  Барлық деңгейдегі әкімдерге халық арасында әлеуметтік саясаттың жаңа тәсілдерін енгізу бойынша жүйелі ақпараттық-түсіндіру жұмысын жалғастыруы тиіс.

Денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және медициналық көмектің қолжетімділігін арттыруға назар аударылды. Денсаулық сақтау министрлігіне әкімдіктермен бірлесіп 70 денсаулық сақтау нысанын, оның ішінде 8 перинаталдық орталық пен 9 көпбейінді балалар ауруханасын уақтылы салуды және пайдалануға беруді қамтамасыз ету тапсырылды.

Балаларды жан-жақты медициналық-оңалту көмегімен қамтамасыз ету үшін Ұлттық балаларды оңалту орталығының жаңа үлгілік өңіраралық филиалдарын салу мәселесін пысықтау тапсырылды. Сонымен қатар аурулардың алдын алуға және ерте анықтауға баса назар аудара отырып, медициналық көмектің тиімділігін арттыру міндеті қойылды. Осы мақсатта клиникалық шешімдер қабылдауға, диагностикалық зерттеулерді дербес  тағайындауды қоса алғанда, жалпы практика дәрігерлерінің өкілеттіктерін кеңейту көзделген.

Учаскелік қызметтің медицина қызметкерлеріне еңбекақы төлеуді арттыруға қатысты жеке тапсырма берілді. Денсаулық сақтау және Қаржы министрліктері үшжылдық бюджет жобасында келесі жылдың 1 қаңтарынан бастап учаскелік дәрігерлер мен медициналық персоналдың жалақысын 40%-ға дейін көтеруге арналған шығыстарды көздеу қажет.

Білім беру саласында ерекше қажеттіліктері бар балалар үшін қолжетімді инфрақұрылым құру басым бағыттардың бірі ретінде айқындалды. Оқу-ағарту, Ұлттық экономика және Қаржы министрліктері өңір әкімдерімен бірлесіп, оңалту және сауықтыру кабинеттері бар жаңа форматтағы 20 инклюзивті мектеп-кешен салу жобаларын Инфрақұрылымды дамыту қорының тізбесіне енгізуі тиіс.

Сонымен қатар Оқу-ағарту, Ғылым және жоғары білім, Денсаулық сақтау министрліктеріне «Қазақстан халқына» қорымен бірлесіп, бейінді мамандардың тапшылығын азайту және ерекше қажеттіліктері бар балаларды ерте диагностикалау тиімділігін арттыру жөнінде жүйелі шаралар әзірлеу тапсырылды.

Тапсырмалардың жеке бір бөлігі мұғалімдерге түсетін әкімшілік жүктемені азайтуға және олардың кәсіби беделін қорғауға бағытталған. Оқу-ағарту министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, әртүрлі платформалардағы ақпараттың қайталануын жою және есептер санын қысқарту мақсатында педагогтердің есептілігіне ревизия жүргізеді. Сондай-ақ 10 желтоқсанға дейін педагогтердің ар-намысы мен қадір-қасиетін қорғауды күшейту жөнінде ұсыныстар енгізуі қажет.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аванстық төлемді төлеудің тәртібі мен салық жеңілдігін қолдану жағы қалай өзгерді?

Бүгін 14:05

Қазақ-қырғыз үкіметаралық кеңесінің 14-ші отырысы: Олжас Бектенов пен Адылбек Касымалиев тауар айналымын арттыру мәселелерін талқылады

Бүгін 14:02

Қазақстан мен Қырғызстан премьер-министрлері Бішкекте ІІ өңіраралық ынтымақтастық форумына қатысты

Бүгін 13:52

Үкіметте Петропавл қаласының әуежайын дамыту мәселелері қаралды

Бүгін 13:48

ТМҰ-ға мүше елдер басшылары түркі әлемі өнер шеберлерінің концертін тамашалады

Бүгін 13:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);