AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Олжас Бектенов: электр мопедтері мен самокаттарды...

Олжас Бектенов: электр мопедтері мен самокаттарды пайдалануға бақылауды күшейту қажет

Әлеумет 16.09.2025, 12:35 622 Bakyt
Олжас Бектенов: электр мопедтері мен самокаттарды пайдалануға бақылауды күшейту қажет
Суреттерді түсірген - Д.Исаев

 

Премьер-министр Олжас Бектенов электр мопедтері мен самокаттарды қолдануға қатысты бақылауды күшейтудің маңыздылығына тоқталды.

Оның айтуынша, бұл көлік түрлері қоғамдық көліктерге түсетін жүктемені белгілі бір деңгейде азайтқанымен, жол ережелерін сақтамау салдарынан тұрғындарға қолайсыздық туғызып, қозғалыс қауіпсіздігіне қатер төндіріп отыр.

  • Жыл басынан бері электросамокаттардың қатысуымен 360-тан астам жол-көлік оқиғасы тіркелген.
  • Мемлекет басшысы Жолдауында осы өзекті мәселеге ерекше назар аударған болатын.
  • Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, бірқатар елдерде мұндай көліктерге толық тыйым салу немесе қатаң шектеулер енгізу шаралары қабылданған.

Мәселен, Парижде 2023 жылдың қыркүйегінен бастап самокаттарды жалға алу тоқтатылып, тек жеке меншік көлікті пайдалануға рұқсат етілген. Мадридте де өткен жылдың қазанынан осындай шешім қабылданды. Ал Ұлыбританияда әрбір электросамокатқа мемлекеттік нөмір беріліп, оны тек жүргізуші куәлігі бар азаматтар ғана басқара алады.

 «Ішкі істер министрлігі заңнамаға тиісті түзетулерді жедел енгізуі тиіс. Бүгін біз осы мәселе бойынша Үкіметтің қорытындысын қабылдаймыз», — деді Олжас Бектенов.

Сонымен бірге, ол адам өмірі мен денсаулығын қорғау күре жолдардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің басты бағыты болып қала беретінін атап өтті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жолдау #самокат #Олжас Бектенов
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);