Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / "Олимпиакосқа" қарсы алматылық "Қайраттың" бастапқ...

"Олимпиакосқа" қарсы алматылық "Қайраттың" бастапқы құрамы белгілі болды

Спорт 09.12.2025, 15:13 412
"Олимпиакосқа" қарсы алматылық "Қайраттың" бастапқы құрамы белгілі болды
Сурет: Astanatv.kz

Спорттық «Евро-Футбол.Ру» порталы бүгін Астанада өтетін Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі «Қайрат» – «Олимпиакос» матчінің болжамды құрамын жариялады, деп хабарлайды Аqshamnews.kz тілшісі Sports.kz-ке сілтеме жасап.

Басылым мәліметінше, алтыншы турда алматылық «Қайрат» пен гректің «Олимпиакосы» өте маңызды ойында жүздеседі.

«Қайраттың» болжамды құрамы:
Анарбеков (қақпашы), Мата, Сорокин, Мартынович, Тапалов, Глейзер, Қасабұлат, Громыко, Жоржинью, Мрынский, Эдмилсон.

«Олимпиакостың» болжамды құрамы:
Цолакис (қақпашы), Ортега, Пирола, Бьянкон, Марсело, Музакитис, Эссе, Поденсе, Шикинью, Стрефецца, Эль-Кааби.

Алматылық клуб сапында қақпашы Александр Заруцкий мен Офри Арад жарақатына байланысты алаңға шыға алмайды. Сондай-ақ «Қайраттың» ойыншысы Дастан Сатпаев бұл кездесуде дисквалификацияға ұшыраған. «Олимпиакос» жағында Александрос Пасхалакис пен Панайотис Рецас жарақат алған.

Алдыңғы турда екі команда да бір доп айырмашылығымен жеңіліп қалған еді: «Қайрат» «Копенгагенге» 2:3 есебімен жол берсе, «Олимпиакос» мадридтік «Реалдан» 3:4 есебімен ұтылды.

Бес тур қорытындысы бойынша «Қайрат» небәрі бір ғана ұпай жинаған. «Олимпиакос»-тың да жағдайы мәз емес. Грек клубының еншісінде екі ұпай бар.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#футбол #Қайрат #ЧЛ
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанда мектеп директорларын тағайындау жүйесі өзгереді

Бүгін 17:09

Таяу Шығыстан 7300-ден аса қазақстандық елге оралды

Бүгін 16:00

Марокко сарапшысы: Қазақстанның жаңа Конституциясы адам құқықтарын күшейтеді

Бүгін 14:27

Алматыдағы бизнес өкілдері қала тұрғындарын референдумға қатысуға шақырды

Бүгін 14:25

Жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумға қазақстандықтардың 70%-дан астамы қатысуға ниетті

Бүгін 12:38
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі