Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Референдум
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Олимпиада күні эстафетасына Алматы қаласы қосылды

Олимпиада күні эстафетасына Алматы қаласы қосылды

Спорт 21.06.2021, 10:46 2,264
Олимпиада күні эстафетасына Алматы қаласы қосылды
Сурет: ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің сайты

Олимпиада күніне арналған ел аймақтары арасындағы эстафета 23 маусым күні елордадағы Триатлон саябағында аяқталады.


Алматыда Олимпиада бағдарламасындағы ең жас спорт түрлерінің бірі – спорттық құзға өрмелеуден турнир өтті,  деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚР Ұлттық олимпиада комитетінің сайтына сілтеме жасап.


Қазақстандықтар Халықаралық олимпиада күнін тойлауды одан әрі жалғастыруда. Жеңіл атлетика жарыстары мен еліміздің солтүстігінде өткен велододадан соң эстафетаны оңтүстік өңір қабыл алды. «Бәріміз бірге: жылдам, биікке, мықты» ұраны арқылы спортшылар бүкіл елмен ынтымақтастықта екенін білдіруде.  Алматыда Олимпиада бағдарламасындағы ең жас спорт түрлерінің бірі – спорттық құзға өрмелеуден турнир өтті. 


Токио Олимпиадасында спорттық құзға өрмелеушілер алғаш рет бақ сынайды. Олардың қатарында қазақстандық Ришат Хайбуллин де бар. Алматы тумасы 2019 жылғы әлем біріншілігінде жүлде мен жолдама жеңіп алған болатын. 



«Спорттық құзға өрмелеу өте жас спорт түрі саналады. Соған қарамастан, оны дамытуға мүмкіндігіміз бар. Табиғи және жасанды құздарды еліміздің әр аймағынан табуға болады. Токиода ел намысын қорғайтын атлетіміз де бар. Ришат Хайбуллинге Олимпиада ойындарында сәттілік тілейміз. 
Пандемия олимпиадалық турнирлердің жарыс кестесіне біраз өзгеріс енгізді. Көптеген іріктеу жарыстары өтпей қалды. Халықаралық Олимпиада комитеті ойын кестесін азайтқандықтан, Токиодағы спортшылар саны Рио Олимпиадасынан екі мыңға кем болмақ. 
Дегенмен, спорттық құзға өрмелеу, каратэ секілді жаңа бағдарламалар біздің алға басып, биіктерден көрінуімізге себеп болары сөзсіз», - дейді Елсияр Қанағатов. 




Жас спортшылар 2024 жылғы Париж Олимпиадасына бақ сынауда көздеп, ұлттық құрамаға қабылдану үшін бар күшін салмақ. 
«Қазақстанда спорттың бұл түрін дамытуға үлкен мүмкіндіктер берілген. Сондықтан, бізге Ришат салған даңғылды одан әрі жалғастырып, биікке ұмтыла беру керек. Жастардың талабы үлкен екені қуантады. Ең бастысы - аталған спорт түрі жастар арасында кеңінен танылуда. Болашаққа сеніммен қараймыз. Велоспорт немесе жеңіл атлетика сынды бұқаралық спорт түріне айналатынымыз да анық», - дейді спорттық құзға өрмелеуден ҚР жастар құрамасының аға жаттықтырушысы Александр Нигматулин. 



Жасөспірімдер арасындағы ел чемпионатының жүлдегерлері «боулдеринг» пен «қиындық» бойынша сынға түсті. Екі балалар тобы «жылдамдық» бойынша жарысқанын да айта кету керек. 
Матвей Есипов, «жылдамдық» бойынша 2021 жылғы ҚР чемпионатының жүлдегері: 
«Бұл өте қызықты спорт түрі. Түрлі эмоция сыйлайды. Әрине, бапкердің жетекшілігімен, қауіпсіздік шараларын сақтау арқылы шұғылдану керек. Сондықтан, спорт мектептері мен үйірмелеріне келіп үйреніңіздер, жарысып көріңіздер. Бұл өте керемет сезім». 



Олимпиада күнін тойлау 21 маусым күні Ақтауда жалғасады. Аталған қалада бокс пен дзюдодан шеберлік сабақтары өтеді. Олимпиада күніне арналған ел аймақтары арасындағы эстафета 23 маусым күні елордадағы Триатлон саябағында аяқталады. Бұл күні көше спорт түрлерінен мерекелік шара өтеді. Бұл іс-шараны «Qazsport» арнасының тікелей эфирінен тамашалай аласыздар. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#участковый #раьота онлайн #МВД #Қазақстан #Алматы #олимпиада
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Дәрігер адамның жүрісі психикалық жағдайға қалай әсер ететінін түсіндірді

Бүгін 17:31

Алматыда терроризмді насихаттау және жалған хабарлама үшін жауаптылық еске салынды

Бүгін 17:14

Жамбыл Жабаевтың 180 жылдығына арналған салтанатты концерт өтті

Бүгін 17:14

Алматыда «Жасыл болашақ» жобасы басталды

Бүгін 17:11

Тоқаев Оман халқына тілектес екенін жеткізді

Бүгін 16:59
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі