Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Керек кеңес / Олар сізді өздері тауып алады: жалған заңгерлер қа...

Олар сізді өздері тауып алады: жалған заңгерлер қалай әрекет етеді?

Керек кеңес 26.04.2025, 17:07 760
Олар сізді өздері тауып алады: жалған заңгерлер қалай әрекет етеді?
Сурет: Stopfake.kz

 «Заңгер» алаяқтардың схемасы қандай?

Бұл туралы aqshamnews.kz Stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып хабарлайды. 

Схема қалай жұмыс істейді?

Бұл алаяқтық әдісі екі бөліктен тұрады.

Біріншісі – алаяқтықтың өзі. Схема әртүрлі болуы мүмкін: «банк қызметкері», «полицей» қоңырау соғады немесе «тиімді» инвестициялар және т.б. ұсынылады.

Екіншісі – «заңгерлер көмегі». Жәбірленушімен оны тонап кеткен алаяқтарға қарсы сот ісін дайындап жатқан заң фирмасының атынан біреулер байланысқа шығады. «Заңгерлер» ақшаны қайтаруға көмектесетіндерін айтады. Олар бұл істі алдағы күндері сотқа береміз, сондықтан, ұжымдық талап-арызға қосылып, заңгерлер тобының қызметтері үшін дәл қазір төлем жасау керек дейді.

 

Шын мәнінде не болады?  

Іс жүзінде бұл «заңгерлер» – баяғы алаяқтар. Олар жәбірленушінің шарасыз жағдайын пайдаланып, одан тағы да ақша алуды көздейді.

 

Жалған заңгерлерді қалай тануға болады

Бірнеше белгісі:

 Олар сізді өздері тауып алады.

Шынайы заңгерлер ешқашан алаяқтықтың құрбандарын өздері іздеп тауып, қызметін ұсынбайды.

  • Жалған заңгерлер тек олар ғана көмектесе алады деп сендіреді.

Олар бұл іспен бұрыннан айналысып жатқанын, ақшаны қалай қайтаруды нақты білетінін айтып сендіреді. Басқа заңгерлердің көмегі тиімсіз болады деп қорқытады.

  • Асықтырады.

Сіздің ісіңізді ұжымдық сот ісіне қосу үшін жеңілдік жасауға және процесті бір күнге немесе тіпті бірнеше сағатқа кешіктіруге де дайын болады. Бірақ ол үшін міндетті түрде төлем жасауыңызды сұрайды. Мұндай қысым жағдайында адам эмоцияға беріліп, алаяқтардың айласына оңай түсіп қалуы мүмкін.

  • Заңгерлер төлемді банк картасына аударуды сұрайды.

Мұндай төлем заңсыз. Заң аясында жұмыс істейтін заңгер төлем жасайтын шот жібереді, төлемді POS-терминал арқылы қабылдайды немесе қолма-қол ақшамен алады, чек береді.

 

Егер заңгер жалдағым келсе, алаяққа тап болмау үшін не істеу керек?

  • Құқық қорғаушыны өзіңіз таңдаңыз. Желідегі пікірлерді оқыңыз немесе таныстарыңыздан сенімді маманды ұсынуын сұраңыз. Өзі хабарласып, қызметін тықпалаған заңгерлермен жұмыс істемеңіз.
  • Ақша төлемес бұрын келісімшартқа отырыңыз. Ең дұрысы – заңгердің кеңсесінде жеке кездесіп, ресми түрде рәсімдеу.
  • Картадан картаға аударым арқылы төлем жасамаңыз.

Эмоцияға ерік бермей, сабыр сақтап, байыппен әрекет етсеңіз – жалған заңгерді тану қиын емес.
«Kaspi.kz алаяқтарға қарсы» науқаны аясында осындай жалған заңгерлердің жұмысы туралы жаңа ролик шықты. Онда алаяқтардың қалай әрекет ететіні көрсетілген.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#жалған заңгерлер #Алаяқтар #схема
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматылық спортшылар Turkish Open халықаралық турнирінде жүлделі орындарға ие болды

Бүгін 18:07

Алматы мейрамханалары мен аспаздары WHERETOEAT халықаралық гастрономиялық сыйлығының қысқа тізіміне енді

Бүгін 18:02

Қазақстандық гимнастар Мысырдағы Әлем кубогы кезеңінде өнер көрсетеді

Бүгін 17:57

Алматы орталығындағы мейрамхананың террасасы сот шешімімен сүрілді

Бүгін 17:33

Алматы Орталық Азиядағы медициналық туризм орталығы ретіндегі позициясын нығайтып келеді

Бүгін 17:18
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика