Ол менің ағамдай, бір-бірімізді әрдайым қолдаймыз - Димаш Құдайберген Геннадий Головкин туралы

Ол менің ағамдай, бір-бірімізді әрдайым қолдаймыз - Димаш Құдайберген Геннадий Головкин туралы Сурет: Inform.kz

Әнші Димаш Құдайберген Алматыда жанкүйерлерімен кездесуде бокс пен аралас жекпе-жекті бала кезінен жақсы көретінін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап.


Димаш шара кезінде жүргізушілердің сұрағына жауап бере отырып, боксшы Геннадий Головкинді қатты құрметтейтінін атап өтті.



«Геннадий Головкинді «Канеломен» жекпе-жегінен кейін құттықтадым. Ол 40-қа келгеніне қарамастан, мықты өнер көрсетті және күшті қарсыласымен 12 раунд бокстасты. Бұл - сирек кездесетін қабілет және құрметтеуге тұрарлық. Гена мен үшін әрдайым чемпион. Батырымызға мықты денсаулық пен табыс тілеймін», - деді әнші.



Димаш Геннадий Головкинмен жеті жылдан бері таныс екенін айтты.



«Ол менің ағам сияқты, біз әрдайым бір-бірімізді қолдаймыз, ынталандырып, жігерлендіріп отырамыз. Геннадий сияқты еліміздің даңқын шығаратын чемпиондарымыз көп болсын», - деді ол.



Димаш Құдайберген GGG жекпе-жегінің алдында Әнұран орындауды бұрыннан жоспарлағанын айтты. Жоспары орындалып, 18 қыркүйекте әнші Геннадий Головкин мен Сауль Альварестің жекпе-жегі басталмас бұрын Қазақстанның Әнұранын орындап, Лас-Вегастағы T-Mobile Arena стадионында қошеметке бөленді.


Осы жекпе-жегінен кейін әнші Геннадий Головкиннің қолын алып, қолдау білдірді.



«Біз үшін сен чемпионсың және чемпион болып қала бересің!!! Алға Қазақстан!» - деп жазды әнші Instagram желісіндегі ресми парақшасында.





Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды
0
Ұнамайды
0
Күлкілі
0
Шектен шыққан
0
Соңғы жаңалықтар

11:59

11:43

11:36

11:26

11:01

10:46

10:38

10:21

10:10

10:05

09:58

09:46

09:35

09:27

09:15

09:00

08:33

17:25

16:16

15:55

14:44

12:51

11:46

10:28

09:20