AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Медицина / Обыр – үкім емес, тоқтамай күресу қажет

Обыр – үкім емес, тоқтамай күресу қажет

Медицина 28.02.2023, 06:26 1,691
Обыр –  үкім емес, тоқтамай күресу қажет
Сурет: Kazgazeta.kz

Жыл сайын елде 13 мыңнан астам адам онкологиялық дерттен көз жұмады.


Онкологиялық аурулардан болатын өлім бойынша бірінші орында өкпе обыры (16,3%), екінші орында – асқазан обыры (12%), үшінші орында – тоқ ішек обыры -10,6%). Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.



«Жекелеген өңірлерде емдеу жүргізу үшін жағдайлар әртүрлі екенін көріп отырсыздар. Мәселен, Қызылорда облысында онкология орталығы тозған ғимаратта орналасқан, палаталар көп орынды. Павлодар және Маңғыстау онкология орталықтарындағы заманауи креслолары, функционалдық төсектері бар жеке палатарды мысал ретінде алуға болады», - деді Ажар Ғиният.



Министрдің айтуынша, еліміздің барлық өңірлерінде сәулелік терапия жүргізу үшін желілік үдеткіштер, ал бірқатар ірі облыс орталықтарында аппараттар орнатылады. Сәулелік емдеуді кеңейту және жетілдіру көзделген (протондық терапия, интраоперациялық сәулелік терапия).



«Лапароскопиялық хирургияны дамыту, 3-D моделдеу және басып шығару арқылы реконструктивтік-пластикалық операциялардың спектрін кеңейту үшін тиісті жабдықтармен жабдықтау көзделген. Ісікке қарсы жаңа дәрілік заттарға қолжетімділікті арттыру мақсатында таргеттік және иммундық-онкологиялық препараттар желісін кеңейту (10 таргеттік, 2 иммундық-онкологиялық препаратқа қолжетімділік жоқ), гендік инженерияны, радиофармацевтикалық препараттарды пайдалана отырып терапияны енгізу бойынша жұмыс жүргізілетін болады», - деді министр.



Министр медициналық жабдықтарды, дәрілік препараттарды сатып алуға, мамандарды оқытуға, заманауи онкология орталықтарын салуға, реконструкциялауға және күрделі жөндеу жүргізуге  шамамен 474 млрд теңге қажет екенін айтты.


2022 жылғы 18 қазанда өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау саммитінің мәліметтері бойынша «Онкологиялық аурулардың басым бөлігінің алдын алуға болады. Обыр – үкім емес, тоқтамай күресу қажет» делінген. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#обыр #онкология #дерт
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы облысында полицей әйелін көлікпен қағып өлтірді деген күдікке ілінді

Бүгін 11:11

Алматыда алдағы күндері ауа райы қандай болмақ?

Бүгін 10:31

Туған күнін тойламайтын Тоқаев

Бүгін 09:30

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);