AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Билік / Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік К...

Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті

Билік 29.09.2021, 13:42 1,452
Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қауіпсіздік Кеңесінің отырысы өтті
elbasy.kz

Отырыста өңірлік қауіпсіздіктің жаңа жағдайларында экстремизм мен терроризм қатерлеріне қарсы іс-қимыл мәселелері қаралды, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz


Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Ауғанстанда болып жатқан оқиғаларға байланысты бұл мәселенің өзектілігі арта түскенін атап өтті.


Нұрсұлтан Назарбаев Ауғанстандағы жағдай бүгінгі таңда Орталық Еуразия кеңістігіндегі маңызды өзгерістерге түрткі болып, ұзақ мерзімді сын-қатерлер тудырып отырғанын айтты. Осыған орай өңірлік қауіпсіздіктің қазіргі тетіктерін нығайтып, жаңа механизмдер қалыптастыру керектігіне тоқталды.


Қазақстанның Тұңғыш Президенті экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы жан-жақты дайындықты қамтамасыз ету керектігіне назар аударды.



– Өңірлік қауіпсіздікке төнген жаңа сын-қатерлер қорғаныс қабілетін одан әрі күшейту шараларын талап етіп отыр. Қазақстан армиясы заманауи озық стандарттарға сай болуға тиіс. Қарулы күштердің жаңғыруын, қорғаныс өнеркәсібі кешенінің дамуын айқындайтын барлық базалық құжаттар бекітілді. Қазіргі таңда ең бастысы – біз қабылдаған шешімдердің бәрі дұрыс орындалуын қамтамасыз ету, – деді Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы.



Сондай-ақ, азаматтардың қауіпсіздігін арттыру бағытында құқық қорғау жүйесінде жүзеге асырылып жатқан үдемелі реформалардың маңыздылығы атап өтілді.


Елбасы қоғамдағы тыныштық пен келісім мемлекеттің тұрақты дамуының негізі екеніне тоқталып, ұлттық рухани кеңістігіміздің қауіпсіздігін қорғау маңызды екенін айтты.


Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы мемлекеттің тұрақтылығының қоғамдық-саяси және әлеуметтік-экономикалық бөлігін үнемі бақылау қажет екенін атап өтті.



–  Азаматтардың нақты кірісін арттыру, сапалы жұмыс орындарын ашу, шағын және орта бизнесті дамыту, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету, осының бәріне экономиканың өсімі арқылы қол жеткіземіз. Денсаулық сақтау мен білім беруді қолдау, азаматтардың өзекті мәселелерін шешу әрдайым мемлекеттік органдардың басты назарында болуға тиіс. Мұның бәрі – қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мен сенімділігінің кепілі. Экстремизм мен радикализмнің өрістеуіне жол беруге болмайды, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.



Жиында Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі М.Тілеубердінің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы К.Мәсімовтің, Ақпарат және қоғамдық даму министрі А.Балаеваның баяндамалары тыңдалды.


Отырыс қорытындысы бойынша Нұрсұлтан Назарбаев өңірлік қауіпсіздік саласындағы ұлттық мүддемізді қорғауға, азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және қоғамның орнықты дамуына бағытталған бірқатар нақты тапсырма берді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#қауіпсіздік #отырыс #Назарбаев
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматы жастары қалдықтарға екінші өмір сыйлайды: қалада «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы өтіп жатыр

Кеше 20:03

Қазақстан Дүниежүзілік банктің қолдауымен 33 жыл ішінде $8 млрд-тан астам сомаға елуден астам жобаны жүзеге асырды

Кеше 19:30

Қазақстанда өңделген сүт өндірісі артты

Кеше 18:45

Алматыда Абай атындағы Қазақ ұлттық опера және балет театры 93-ші маусымның ашылуына орай «Мұра» open-air гала-концертін ұсынады

Кеше 17:58

Алматыда ақын Оразақын Асқардың тұрған үйіне ескерткіш- тақта орнатылды

Кеше 17:47
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);