AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Нұрсұлтан Назарбаев - Еуразия ауқымында жаңа ұйым...

Нұрсұлтан Назарбаев - Еуразия ауқымында жаңа ұйым құруды ұсынды

Саясат 17.11.2021, 11:46 2,170
Нұрсұлтан Назарбаев - Еуразия ауқымында жаңа ұйым құруды ұсынды
Сурет: 24.kz

Елбасы Еуразияның төртжақты экономикалық форумын құру туралы ұсыныс білдірді


ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев  үлкен Еуразияның төртжақты экономикалық форумын құру қажет екендігін айтты, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат сайтына сілтеме жасап



«Еуразия елдері жаңа дағдарыстың алдын алу мақсатында жүйелі диалогты жолға қоюы қажет. Бұл үшін баяғыдан бері, тіпті үшінші елдермен де жұмыс істеп тұрған өңірлік халықаралық бірлестік негізгі арна бола алады», - деп еске алды Елбасы «Астана клуб-2021» отырысында.



ҚР Тұңғыш Президенті Еуразиялық экономикалық одақ, Еуропалық одақ, Шанхай ынтымақтастық ұйымы, сонымен қатар таяуда құрылған Түркі мемлекеттері ұйымы арасында тікелей байланыстарды дамытатын уақыт жеткенін атап өтті.



«Олардың барлығында ең алдымен экономикалық ынтымақтастыққа бағдарлану тән. Дәл осы экономикалық ынтымақтастық базасында саяси, мәдени және өзге де байланыстар артады. Бұл бүкіл ғаламшар үшін үлкен жеңіс болар еді. Осыған орай Үлкен Еуразияның төртжақты экономикалық форумын құруды ұсынамын. Онда елдеріміз Еуразиядағы кооперацияның барлық мүмкіндіктерін талқылап, ілгерілете алар еді. Қазақстан Мемлекет және Үкімет басшылары деңгейіндегі мұндай форумды ұйымдастырушылардың бірі бола алады», - деді Нұрсұлтан Назарбаев.



Телеграм арнаға жазылыңыз
#Елбасы #төртжақты #экономика #форум
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

«Алматы» ӘКК мен «Қазақмыс корпорациясы» ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды

Бүгін 19:19

Алматыда Қазақстан халқының Бірлігі күніне орай гастрономиялық жәрмеңке ұйымдастырылды

Бүгін 18:18

Эндокринолог денсаулыққа зиян тіскебасар түрін атады

Бүгін 17:27

Мамырда Қазақстанда ауа райы қандай болады?

Бүгін 16:25

Қонақжайлықтың жарқын көрінісі: Алматы әуежайында Бірлік күніне арналған акция өтті

Бүгін 15:03
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика