AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Экономика / Нұрлыбек Нәлібаев: 200-ге жуық жаңа кәсіпорын іске...

Нұрлыбек Нәлібаев: 200-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылады

Экономика Бүгін 15:45 57
Нұрлыбек Нәлібаев: 200-ге жуық жаңа кәсіпорын іске қосылады
Видеодан алынған кадр / t.me/KZgovernment

Осы жылдың 9 айының қорытындысы бойынша өңдеу өнеркәсібі 8,6%-ға өсіп, өндіріс көлемі 24,2 трлн теңгеге жуықтады. Бұл туралы Үкіметте өткен баспасөз мәслихатта ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Нұрлыбек Нәлібаев мәлімдеді, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.

Өндеу өнеркәсібіндегі өсім

Өңдеу өнеркәсібінің жалпы ішкі өнімдегі үлесі 14%-дан асты. Машина жасау саласында өсім 22,8%-ды, химия өнеркәсібінде 23,4%-ды, тамақ өнімдерін өндіруде 13,8%-ды, фармацевтикада 31%-ды құрады. Премьер-министрдің бірінші орынбасары бұл экономика құрылымының біртіндеп шикізат өндіруден оны өңдеуге қарай өзгеріп жатқанын көрсететінін айтты.

«Ендігі міндет – осы үрдісті одан әрі нығайту. Биыл жалпы құны шамамен 1,7 трлн теңге болатын 200-ге жуық жаңа кәсіпорынды іске қосу жоспарланды. Саладағы басты бағдар – импортқа тәуелді болмай, өзіміздің өндірістік мүмкіндіктерімізге сүйену. Мемлекеттік қолдау ел экономикасына барынша жоғары оң әсер беретін жобаларға көрсетіледі», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Жаңа жобалардың бағалануы

Премьер-министрдің бірінші орынбасары Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі өндірістік қуаттар теңгерімін бағалау әдістемесін бекіткенін атап өтті. Енді әрбір жаңа жоба нарықтағы сұранысқа, жұмыс істеп тұрған кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының жүктемесіне және жер ресурстарының қолжетімділігіне сәйкес қаралады. Мұндай бағалаудың нәтижелері преференциялар беру кезінде және мемлекеттік қолдау шараларын одан әрі жетілдіру барысында ескеріледі.

«Бұл – қаражатты нақты экономикалық нәтиже беретін бағыттарға жұмсауға және артық өнім өндіруге жол бермейді. Бұдан бөлек, өнеркәсіптік кластерлердің жаңа моделі енгізілуде. Бұл модель түпкілікті өнім шығаруда кәсіпорындардың өзара кооперациясын дамытуға және шағын әрі орта бизнесті ірі тірек кәсіпорындардың төңірегіне шоғырландыруға бағытталған», — деді Нұрлыбек Нәлібаев.

Оқи отырыңыз: Құрылтай Президенттің Жолдауда жариялаған бастамаларын қолдады

Дереккөз

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Қазақстан #жұмыс #экономика
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда SI Film Lab | Freedom 250 жобасы басталады

Бүгін 17:27

Алматыда сарапшылар Президент Жолдауының негізгі бағыттарын талқылады

Бүгін 16:31

ЕЭК Кеңесі экспортталатын тауарлардың шығуы мен электротехникалық өнімдерді таңбалау бойынша шешімдер қабылдады

Бүгін 16:30

Алматыдағы Наталия Сац атындағы театр ауқымды қайта жаңғыртудан кейін көрермендерге есігін қайта ашады

Бүгін 16:24

Астанада аса маңызды материалдарды зерттейтін Ұлттық зертхана құрылады

Бүгін 16:10
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);