AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер берілді

Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер берілді

Спорт 10.08.2021, 19:13 2,052
Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер берілді
Olympic.kz

Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Нұрислам Санаевқа өңір басшысы Оңдасын Оразалин пәтер кілтін табыс етті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz облыс әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Облыс әкімі Оңдасын Оразалин бүгін Токиода өткен жазғы Олимпиада ойындарынан оралған ақтөбелік спортшылармен және олардың жаттықтырушыларымен кездесті. Олимпиаданың қола жүлдегері Нұрислам Санаевқа екі бөлмелі пәтер кілтін сыйлады. Олимпиада ойындарына қатысқан балуан Мейрамбек Айнағұловқа, суда жүзуші Диана Назароваға, сонымен қатар, спортшылардың жаттықтырушыларына өңір басшысы бағалы сыйлықтар табыстады.



«Сіздер - еліміздің мақтанышысыздар. Жас ұрпаққа салауатты өмір салты мен спортты дәріптеуде үлгі бола отыра баға жетпес үлес қосасыздар. Адал әрі аянбай күрескендеріңіз үшін, батылдықтарыңыз бен отансүйгіштіктеріңізге шын жүректен алғыс айтамын»,- деді Оңдасын Оразалин.




Олимпиадаға қатысушылар облыс басшылығына кәсіби спортты қолдағаны үшін алғыс айтып, жоспарларымен бөлісті.




«Қолдағаны үшін халқыма шексіз ризамын. Жерлестерімнің қалай қарсы алғандарын көріп, Олимпиада жүлдегері болғанымды анық сезіндім. Отандастарымды Парижде өтетін Олимпиадада алтын алқамен қуанту үшін бұдан да көп дайындалатын боламын»,- деді Нұрислам Санаев.




Айта кетейік, палуан Юсуп Батырмырзаев пен каратэші Нұрқанат Әжіқанов, сонымен қатар Токиодағы Олимпиада ойындарында Ақтөбе облысы атынан шыққан басқа да спортшылар туған жерге 11 тамызда оралады. Сонымен бірге суда жүзуші Виталий Худяков Ыстықкөл жанында өтіп жатқан оқу-жаттығу жиынына кірісіп те кеткен.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Токио #Нұрислам #Оразалин
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Аңыздар “тірілген” түн

Бүгін 21:36

Сөз зергеріне құрмет: Олжас Сүлейменовтің 90 жылдық мерейтойы аталып өтті

Бүгін 21:33

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);