AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет /   «НҰРҒИСА ЖЫЛЫ» басталды

  «НҰРҒИСА ЖЫЛЫ» басталды

Әлеумет 25.02.2025, 14:16 800 Рая ЕСКЕНДІР
  «НҰРҒИСА ЖЫЛЫ» басталды
Ұйымдастырушылардан

    Қонаев қалалық мәдениет үйінде Алматы облысы әкімдігінің қолдауымен композитор, дирижер, күйші, Қазақстанның Халық артисі Нұрғиса Тілендиевтің 100 жылдығына орай, «Нұрғиса жылының» салтанатты ашылуы өтті. Айтулы іс-шараға орай, Алматы қаласы музейлер бірлестігіне қарасты Нұрғиса Тілендиев мемориалды музейінің жылжымалы көрмесі ұйымдастырылып, 70-ке жуық экспонат қойылды.

«Нұрғиса жылының» ашылу рәсіміне Алматы қаласы мен Алматы облыстық мәслихат депутаттары мен қоғамдық кеңес мүшелері, аудан, қала әкімдерінің орынбасарлары, аудандық, қалалық мәдениет, тілдерді дамыту, аудандық, қалалық Мәдениет үйлерінің директорлары қатысты. Салтанатты кешті  Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев ашып, қайталанбас өнер иесінің ғасырлық тойы аясында қолға алынып жатқан жұмыстармен таныстырды. Келесі кезекте Қазақстан Республикасы Президентінің кеңесшісі Мәлік Отарбаев сөз алып, Мемлекет басшысының ыстық ықыласты лебізін жеткізді. 

Кеш барысында ҚР еңбек сіңірген қайраткерлері Мейрамбек Беспаев, Тамара Асар, Айгүл Қосанова, Мәдина Сәдуақасова, қазақ эстрадасының жарық жұлдыздары Мирас пен Құралай, Гүлнұр Оразымбетова Нұрғиса Тілендиевтің әндерін нәшіне келтіре шырқады. Сондай-ақ, театр актері Еділ Рамазан мен Ақбота Рахат Нұрғиса Тілендиев өміріне арқау болған ақындардың жырын оқыса, «Нұрғиса өмірге келді» атты қойылым да шынайы шықты. Салтанатты кешке «Алтынай» мемлекеттік халық биі ансамблі, Сүйінбай атындағы Алматы облыстық филармониясы, «Үшқоңыр» фольклорлы-этнографиялық ансамблі өнерпаздары қатысып, композитордың шығармаларын орындады. Қазақ топырағында басталған «Нұрғиса жылы» қоңыр күзде Парижде қорытындыланатын болады.

 Тақырыпқа орай

Дінзухра ТІЛЕНДІ, Қазақ мемлекеттік академиялық «Отырар сазы» фольклорлы этнографиялық ансамбль жетекшісі:

                           Мен үшін әкемнің барлық шығармалары қымбат

Кеш бойы өзімді әзер ұстап, толқып отырдым. Әкемнің барлық шығармалары мен үшін қымбат. Әрбірі маған таныс, бала күнімнен құлағымда қалды. Мен сол әуенмен өстім. Қазір әкемнің аманатын арқалап, салып кеткен дара жолымен келемін.

Данияр ӘЛИЕВ, Алматы облысының мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасының басшысы:

 

Нұрғиса атындағы Мәдениет сарайы ашылады

 

Осынау мерейтой аясында облыс көлемінде өтілетін іс-шаралардың жоспары бекітілді. Республикалық, халықаралық деңгейдегі іс-шаралар өтетін болады. Қазіргі таңда ұлы композитордың туған жерінде үлкен Мәдениет сарайы бой көтеріп жатыр. Сәтін салса, сол мәдениет ордасына Нұрғиса Тілендиевтің есімі беріліп, ескерткіші ашылады. Сосын Пекинде үлкен мерекелік іс-шара өтеді. Бұл болмысы бір қалыпқа сыймайтын тұлғаға деген халқының құрметі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрғиса Тілендиев #Отырар сазы #Тұлға
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);