конституция 2 шілде
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Мәдениет / Нұр-Сұлтанда «Абай мерейтойы» кітабының тұсауы кес...

Нұр-Сұлтанда «Абай мерейтойы» кітабының тұсауы кесілді

Мәдениет 10.08.2021, 17:43 1,916
Нұр-Сұлтанда «Абай мерейтойы» кітабының тұсауы кесілді
qazaqparat.kz

Елордада қазақтың ұлы ақыны Абай Құнанбайұлының туған күніне орай «Абай мерейтойы» атты кітаптың тұсаукесер рәсімі өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz ҚазАқпарат тілшісіне сілтеме жасап.


Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті айтулы ақынның туған күніне орай ұйымдастырылған «Адамзаттың бәрін сүй, бауырым деп» атты онлайн дәріс- концертінің аясында «Абай мерейтойы» атты кітаптың тұсауы кесілді.



«Осындай айтулы дата әлемді жайлаған індеттің салдарынан онлайн түрде өтіп жатыр, өкінішті. Дегенмен рухымыз мықты. Абай секілді ұлы ақынның туған күні Қазақстан ғана емес, әлемдік деңгейде аталып өтілуде. Оның дәлелі бүгінгі шараны тек қазақстандықтар ғана емес, әлемнің түкпір-түкпіріндегі қандастарымыз тамашалап отыр. Өткен жылы Мемлекет басшының Жарлығымен Абай күні кең ауқымда аталып өтті. Мерейтой онымен біткен жоқ, биыл да жалғасын табуда. Біз де өз тарапымыздан бір кісідей атсалысып жатқан жайымыз бар», - деді «Отандастар» АҚ-ның вице-президенті Мағауия Сарбасов айтулы шарада.



Авторлардың мәлімдеуінше, кітапқа ABAI TV телеарнасының ашылуы, ғылыми конференциялар мен симпозиумдар, мерейтойлық монеталар мен маркалар, шетелдердегі Абай ескерткіштері, саябақтар, көшелер мен мәдени-ақпараттық орталықтардың ашылуы сияқты мерейтой жылында атқарылған маңызды оқиғалар енген.


Сондай-ақ, аталған шарада Абай шығармаларының жапон, корей, түрік, ағылшын, қырғыз, португал, араб, итальян, қытай және әлемнің басқа да көптеген тілдеріне аударылып шығатыны айтылды.


Телеграм арнаға жазылыңыз
#Нұрсұлтан #Тұсаукесер #Абай
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Атырауда Lotus Fest – 2026 фестивалі басталды

Бүгін 17:06

Бүгін қазақ вальсінің королі Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 96 жыл толды

Бүгін 17:02

Алматыда Төле би көшесінің бір бөлігінде түнгі уақытта көлік қозғалысына уақытша шектеу енгізіледі

Бүгін 16:54

Алматыда Gran Fondo World Championship әлем чемпионаты өтеді

Бүгін 16:48

Алматының Орталық стадионында Канье Уэсттің концертіне қызу дайындық жүріп жатыр

Бүгін 16:42
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);