Қазақстанның көп өңірінде күн райының қолайсыздығына байланысты дабылды ескерту жарияланды.
«Қазгидромет» РМК 17 шілдеге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz
17 шілдеде Астанада кей уақытта найзағай ойнайды.
17 шілдеде түнде Маңғыстау облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыс бойынша төтенше өрт қаупі сақталады.
Абай облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр жаууы ықтимал. Түнде облыстың орталығында найзағай күтіледі. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл болады. Жел оңтүстік-батыстан соғады, облыстың батысында, солтүстігінде, орталығында – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстігінде, орталығында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 шілдеде күндіз Шығыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде найзағай жарқылдайды. Күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, шығысында бұршақ жауып, дауыл тұрады. Жел оңтүстік-шығыстан соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында – 15-20, күндіз екпіні 23 м/с. Облыстың оңтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Батыс Қазақстан облысының солтүстігінде, шығысында найзағай күтіледі. Облыстың оңтүстік-батысында, оңтүстігінде, солтүстігінде, шығысында жоғары өрт қауіпі сақталады.
Ұлытау облысының солтүстігінде, шығысында қатты жаңбыр, бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, шығысында, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Солтүстіктен, солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында екпіні – 15-20 м/с. Облыстың бытысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17 шілдеде Қостанай облысының шығысында, оңтүстігінде найзағай, бұршақ, дауыл күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде 15-20 м/с болады. Облыстың оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Павлодар облысының солтүстігінде, орталығында қатты жаңбыр күтіледі. Түнде облыстың батысында, оңтүстігінде найзағай, күндіз найзағай, облыстың солтүстігінде, орталығында бұршақ, дауыл болады. Оңтүстіктен жел соғады, күндіз облыстың солтүстігінде, батысында күші – 15-20 м/с. Облыстың шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Қарағанды облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында кей уақытта қатты жаңбыр, күндіз бұршақ, дауыл күтіледі. Түнде облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, орталығында, күндіз басым бөлігінде найзағай ойнайды. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан жел соғады, күндіз облыстың оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
17 шілдеде түнде Қызылорда облысының солтүстігінде, күндіз облыстың орталығында, солтүстігінде, шығысында найзағай, дауыл күтіледі. Жел солтүстік-батыстан соғады, күндіз облыстың орталығында күші – 15-20 м/с. Облыстың орталығында, оңтүстігінде төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақтөбе облысының түнде солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде, күндіз шығысында, оңтүстігінде найзағай күтіледі. Солтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, күндіз облыстың шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с. Облыстың оңтүстік-батысында жоғары өрт қаупі сақталады.
17-18 шілдеде Жамбыл облысының таулы аудандарында қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында –найзағай, бұршақ, дауыл. 17-18 шілдеде оңтүстік-батыстан жел соғады, облыстың оңтүстік-батысында, солтүстік-шығысында, таулы аудандарда 15-20, екпіні 25 м/с күтіледі. 17-18 шілдеде облыстың батысында төтенше, солтүстік-батысында, солтүстік-шығысында жоғары өрт қаупі сақталады.
Жетісу облысының солтүстігінде, орталығында, таулы аудандарында найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың шығысында, таулы аудандарында екпіні – 15-20, кей уақытта 25 м/с.
17 шілдеде күндіз Атырау облысында +36 градусқа дейін қатты ыстық сақталады. Облыста жоғары өрт қаупі, оңтүстік-шығысында төтенше өрт қаупі сақталады.
Түркістан облысының таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында найзағай, дауыл күтіледі. Оңтүстік-батыстан солтүстік-батысқа ауысатын жел соғады, түнде облыстың таулы аудандарында, күндіз солтүстігінде, батысында, таулы және тау бөктерлі аудандарында күші – 15-20 м/с. Облыстың шөлді аудандарында төтенше өрт қаупі сақталады.
Ақмола облысының батысында, солтүстігінде қатты жаңбыр, дауыл, күндіз бұршақ күтіледі. Найзағай күтіледі. Оңтүстіктен, солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың батысында, солтүстігінде екпіні 15-20 м/с күтіледі. Көкшетау қаласында 17 шілдеде түнде нөсер жаңбыр жауады. Найзағай ойнайды.
Солтүстік Қазақстан облысының шығысында, оңтүстігінде қатты жаңбыр күтіледі. Облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде найзағай ойнап, дауыл тұрып, күндіз бұршақ жауады. Солтүстік-шығыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, шығысында, оңтүстігінде екпіні – 15-20 м/с.
17 шілдеде Алматы облысының солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында кей уақытта найзағай, күндіз бұршақ күтіледі. Батыстан жел соғады, облыстың солтүстігінде, оңтүстігінде, таулы аудандарында екпіні – 18-23 м/с. Алматыда кей уақытта найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, найзағай кезінде екпіні – 15 м/с.