AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Спорт / “Nomad Fighting” ережесі бойынша ашық турнирде Мұр...

“Nomad Fighting” ережесі бойынша ашық турнирде Мұратбек Қасымбай жеңілді

Спорт 01.12.2024, 14:33 816 Nursok82
“Nomad Fighting” ережесі бойынша ашық турнирде Мұратбек Қасымбай жеңілді
Nomad fighting youtube

30 қараша күні “Nomad Fighting” ережесі бойынша ашық турнир өтті.

Басты кездесуде қазақстандық Мұратбек Қасымбай мен ресейлік Иса Исаев кездесіп, жекпе-жек өткізді, деп хабарлайды aqshamnews.kz

Жекпе-жек алдында және таныстыру кезінде спортшылар мини-стердаун жасап тұрды. Бұл олардың мүмкіндігінше ертерек жұдырықтасуға дайын екендігін көрсетті. Бірінші раундтың басында Мұратбек Қасымбай басымдық танытып отырды. Бірақ бірнеше соққыдан кейін ол көзінің үстінен жарақат алды. Осыдан кейін Исаев "билікті" өз қолына алып, алғашқы раундта белсенді әрекет етті. Екінші раундта Мұратбек бекфист жасап көруге тырысты, бірақ ол дәл тимеді. Исаев белсенді түрде шабуыл жасап, жиі ұрып, комбинацияларды тиімді қолданды. Раундтың соңында ресейлік ауыр соққы жасап, 1-1 болып теңесті.

Үшінші раундты Исаев жақсы бастады. Бірақ Мұратбек бірнеше қатты соққыны өткізіп алды. Осы уақытта Исаев шабуылын одан әрі үдетіп, ұпай айырмасын ұлғайтты. Мұратбектің жарасы тереңдеп, қан тоқтамады.

Төртінші раунд алдыңғыларына қарағанда тыныш өтті. Өйткені екі спортшы да шаршады, соққылар аз болды. Көпшілік Мұратбекке қолдау көрсетіп, оны айқайлап көтермеледі. Исаевтың жекпе-жектегі дәл соққылары көбейе берді.

Бесінші раундта екі спортшы да аса сақтық танытып, бір-бірінің әрбір жұдырығын аңдып бақты. Дегенмен, Исаевтың белсенділігі көзге көрініп тұрды. Нәтижесінде, қазылар алқасы ресейлік Иса Исаевтың пайдасына біржақты шешім қабылдап, ол жеңімпаз атанды.

Осылайша, Иса Исаев “Nomad Fighting” турнирінің басты жекпе-жегінде жеңіске жетті.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Мұратбек Қасымбай #Иса Исаев #спорт #жекпе-жек
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Жауын-шашынды жасанды түрде көбейту жобасының салтанатты іске қосу рәсімі өтті

Кеше 21:14

Рысқұлбеков көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Кеше 19:05

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Кеше 17:25

Қазақстанда жаңа Ұлттық сыйлық пайда болады

Кеше 16:54

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Кеше 16:51
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);