Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тұлға / «Невада-Семей» қоғалысына – 33 жыл

«Невада-Семей» қоғалысына – 33 жыл

Тұлға 28.02.2022, 10:40 2,621
«Невада-Семей» қоғалысына – 33 жыл
Суретті түсірген О.ЖОЛДЫБАЙ

Алматыда Ұлттық кітапханада «Невада Семей» антиядролық қозғалысының 33 жылдығы аталып өтті. Шараға 1989 жылғы жаппай қырып-жою қаруына қарсы шыққан тұлға Олжас Сүлейменов, эколог Мэлс Елеусізов, осы қозғалыс мүшесі Валерий Жандәулетов, Амантай қажы, қоғам қайраткерлері, белсенділер, ғалымдар, жастар т.б. қатысты.


Жиында адамзатқа қауіпті қарудың зияны мен зардабы және бейбітшілік төңірегінде ойлар қозғалды. Қозғалыстың көшбасшысы Олжас Омарұлына игі тілектер айтылды. Ақынға жастар сыйлықтарын берді. Сондай-ақ, мемлекет және қоғам қайраткерінің қолынан марапаттар табысталды.


Олжас СҮЛЕЙМЕНОВ,« Невада-Семей» қоғалысының жетекшісі, ақын:


– Биыл біздің қозғалысымызға 33 жыл толды. Бұл ғаламдағы ірі қозғалыс болды. Тіпті күллі жаһанды дүр сілкіндірді. Біздің бейбітшілік бағытындағы істерімізге Америка Құрама Штаттары, Жапония таңқалды. Сонымен бірге бұл бағыттағы бастамаларымызға қолдау танытты. Неге?  Өйткені жаппай қырып-жоятын қарудың зияны үлкен. Салдары ауыр. Оны әлі сезіп келеміз. Осы жылдар ішінде тар жол, тайғақ кешуден өттік. Бұл жөнінде айтылып та, жазылып та жүр. Мұндай игі істердің тамыры тереңге кетеді. Оған тарих өз бағасын берер.


Бір нәрсені айта кеткен жөн. Ядролық қару тұтас кеңестік империяның мүддесі болатын. Бұған тек орталық жауапты еді. Былайша айтқанда, тікелей КСРО-ға бағынатын. Ол уақытта жастау едік. Жігер тасып тұратын. Қайтпадық, ақыры қарусыздану терминін енгіздік. Ендігі жерде бұған дейінгі істеріміз бен шаруаларымыз тоқтап қалмақ емес. Бұл қозғалысты одан әрі жандандыра береміз. Баршаңызға амандық, тыныштық тілейміз!


Мэлс ЕЛЕУСІЗОВ, эколог:


– 1989 жылы жас едім. Сол кезеңдерде экология саласында істеп жүрдім. Міне, сол уақытта Олжас ағамызға көмекші болдым. Жанында болып, антиядролық қозғалыстың істеріне атсалыстым. Бірде әскерилерден суық хабар жетті. Аңдап зер салсақ, ядролық сынақтың кезекті жарылысы болыпты. Нақтырақ тоқталсақ, ұшқыштар жарылыс газдың лақтырылғанын айтты. Ағамыз менен оқиғаның жай-жапсарын сұрады. Мен нақты неден болғанын түсінбейтінімді айттым. Бірақ антиядролық институттың маманына жүгінуге кеңес бердім. Осылайша қырауар шаруаға кірісіп кеттік. 


Содан бүгінге дейін талай іс атқарылды. Біраз жұмыстар жасалды. Бұл шынымен де үлкен шаруа, жалпыадамзаттық тұрғыдан алғанда ғажап іс болды ғой деп ойлаймын. Бір қарағанда жеңіл сияқты. Қозғалыстың ішінде жүріп, ыстығына күйіп, суығына тоңғандар түсінеді.  Барша әлемге бейбітшілік тілеймін!


 Валерий ЖАНДӘУЛЕТОВ,қ оғам қайраткері:


– Өздеріңіз білесіздер, «Невада-Семей» тарихта қалған оқиға болды. Ерлікпен парапар. Оны әрбіріміз сезініп, түсінеміз деп ойлаймыз. Бұл ұйымның істері айқын. Оның бәрін қоғам біледі. Осы қозғалыстың арқасында қаншама жанның тағдыры дұрыс бағытқа бұрылды деп ойлаймыз. Бір нәрсені айтпасқа болмайды. Ол – Олжас Омарұлының ерлігі, қайсарлығы.   


 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Невада #семей #Олжас
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Танымал дзюдошы Әбиба Әбужақынова Ұлттық ұлан әскери қызметшілерімен кездесті

Бүгін 19:27

Исламда эвтаназияға неге рұқсат етілмейді?

Бүгін 18:24

Алматы әуежайын жаңғырту: терминал мен автотұрақтардың қызмет көрсету мүмкіндігі екі есеге артады

Бүгін 17:52

Алматыда демалыс күнгі жәрмеңкелер жаңғыртылады

Бүгін 17:49

Алматыда азық-түлік инфляциясы үш айда 3,1% болды

Бүгін 17:44
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика