AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Білім және ғылым / Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды

Білім және ғылым 29.04.2022, 05:46 1,832
Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау басталды
Сурет: Inbusiness.kz

Негізгі ҰБТ-ға өтініш қабылдау 14 мамырға дейін жалғасады.


ҰБТ-ға қатысу үшін http://app.testcenter.kz сайтында тіркеуден өтуге болады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz 


Тестілеудің өзі 16 мамырдан 5 шілдеге дейін өтеді. Бұл ретте талапкерлер негізгі ҰБТ-ны екі рет тапсырып, үздік нәтижемен гранттарды тағайындау конкурсына қатыса алады.



«Бұған дейін министр Асхат Аймағамбетов түлектерге жолдаған хатында талапкерлерге тиімді шешім қабылданғанын мәлімдеген болатын. Енді олар ҰБТ тапсыруға және грантқа түсуге екі мүмкіндік алды. Сонымен қатар бір бейінді пәндердің комбинациясын екі рет таңдауға болады», - деп түсіндірді ҚР БҒМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев.



Айта кетейік, алдыңғы екі ҰБТ-2022 (қаңтар, наурыз) қорытындысы бойынша тестіленушілердің орташа балы 68,5 балды құрады, бұл былтырғы нәтижелерднен жоғары. Қатысушылардың 70%-дан астамы шекті балды жинай алды, ал ең үздік көрсеткіш - 135 балл. Талапкерлердің академиялық адалдықты сақтауында да оң өзгеріс байқалады. Тыйым салынған заттарды алып өту әрекеттері, сондай-ақ оларды тестілеу кезінде пайдалану 2-3 есе азайды.


Сонымен қатар наурыз айында өткен ҰБТ-да әр пән бойынша жеке тақырыптық талдау енгізілді. Бұл талапкерлерге өздерінің әлсіз тұстарын жақсартып, негізгі ҰБТ-ға бұдан да тыңғылықты дайындалуға мүмкіндік береді.


Түлектердің ҰБТ-ға жақсы дайындалуының тағы бір мүмкіндігі – Ұлттық тестілеу орталығының тегін онлайн-сынақ тестілеуін іске қосуы. Онымен қоса ҰТО-мен бірлесіп әзірленген білім беру орталықтарының тегін онлайн сабақтары да жалғасып жатыр.


Айта кетейік, академиялық адалдықты сақтау үшін талапкерлердің тест нұсқасы таңбаланады. Яғни әрбір ҰБТ-ға қатысушысының жеке тест нұсқасы болады. Ережелерді бұзған және тест тапсырмаларын аудиториядан тыс жерге шығаруға тырысқан жағдайда, Ұлттық тестілеу орталығы ереже бұзушыларды анықтап, оның тест нәтижелерін жояды.


Пәндердің саны өзгеріссіз қалады - үш міндетті және екі таңдау бойынша. Тест тапсырмаларының саны – 120. Оның ішінде Қазақстан тарихынан - 15, математикалық сауаттылықтан - 15, оқу сауаттылығынан - 20 және екі бейіндік пәннен - 35. Ең жоғарғы ұпай саны – 140.


Тестілеудің жалпы уақыты – 4 сағат (240 минут). Ерекше білім беруді қажет ететін талапкерлерге тест тапсырмаларын орындауға қолайлы жағдай жасау үшін алғаш рет негізгі 240 минутқа қосымша тағы 40 минут берілді. Сонымен бірге ерекше талапкерлерге арналған тапсырмалардың мазмұнына да өзгерістер енгізілді. Олар үшін тест нұсқалары суреттерсіз, диаграммаларсыз және сызбаларсыз әзірленді. Сондай-ақ ҰБТ кезінде компьютер экранында калькулятор, Менделеев кестесі және металдардың бірқатар белсенділігі қосылған тұздың ерігіштігі кестесі қолжетімді болады.


Еске сала кетейік, үміткерлер тестілеу аяқталғаннан кейін 30 минут ішінде апелляцияға бере алады. Сертификат аппеляция туралы шешім қабылданғаннан кейін тестіленушінің жеке кабинетінде қолжетімді болады.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#ҰБТ #негізгі #өтініш қабылдау
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Олжас Бектенов Президенттің тапсырмасы бойынша Бакуде өткен World Urban Forum сессиясына қатысты

Бүгін 20:21

Алматылық спортшылар Орталық Азия чемпионатында 12 медаль жеңіп алды

Бүгін 20:17

Орталық Азия аймағына трансұлттық қылмыстық желінің қызығушылығы жоғары

Бүгін 17:42

Мемлекет басшысы «Орталық Азия – Қытай» форматындағы елдердің ішкі істер және қоғамдық қауіпсіздік министрлерін қабылдады

Бүгін 17:40

Алматыда Орталық Азияның жаһандық геосаясаттағы рөліне арналған халықаралық дөңгелек үстел өтті

Бүгін 17:37
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);