«Қазақ аруы-2024» байқауының жеңімпазы Ақкербез Ысқаққызына сүйіктісі үйленуге ұсыныс жасады, – деп хабарлайды aqshamnews.kz тілшісі.
Қуанышты сәтпен блогер әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісті. Блогерге сүйіктісі үйленуге ұсынысты махаббат қаласы Парижде жасаған.
«Миллион рет иә! Шексіз бақыттымын», – деп жазды Ақкербез.
Желі қолданушылары жас жұпқа ақ тілегін арнап, құттықтауын жаудырып жатыр. Алайда арасында 18 жастағы аруға "неге асықтың?" деп жатқандары да бар.
Айта кетейік, блогердің сүйіктісі – спортшы Әкежан Айтбеков.