Freedom Референдум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
Референдум 00 күн 00 : 00 : 00
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Референдум 00 күн 00 сағ 00 мин 00 сек
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Париж-2024 / Назым Қызайбайдың бұған дейін Олимпиадаға шығуына...

Назым Қызайбайдың бұған дейін Олимпиадаға шығуына қандай кедергілер болды?

Париж-2024 06.08.2024, 13:48 993
Назым Қызайбайдың бұған дейін Олимпиадаға шығуына қандай кедергілер болды?
Сурет: Olympic.kz

Олимпиада - әрбір спортшы үшін асқақ арман. 

Осы арман Назым Қызайбайды  да алға жетелеп, боксшы 51 келі салмаққа ауысты. Бұл  Олимпиада бағдарламасына енген санаулы салмақтардың бірі еді. 2015 жылдан бастап Қызайбай ресми түрде 51 келіге өтті. Бірақ олимпиадалық салмақтың өзіндік ауыртпалықтары да жиі жолын бөгей берді, деп хабарлайды aqshamnews.kz.

Бірде бас бапкер сенім артпады, енді бірде Назымның бағы жанбады. Осылайша, Қызайбай 2016 жылғы Рио және 2020 жылғы Токио Олимпиадаларынан сырт қалды. 

Париж Олимпиадасына апаратын жол да боксшы үшін оңай болған жоқ. Алдымен Назым Ханчжоуда өткен жазғы Азия ойындарында сәтсіздікке ұшырап, жолдамадан қағылды.

Кейін Италияда өткен әлемдік іріктеу турниріне бапкерлер осы салмаққа ауысқан тағы бір танымал боксшы Алуа Балқыбековаға сенім артты. Алайда, бұл салмақтағы кезекті жолдама Алуаға да бұйырмады. 

Таиландта өткен ең соңғы іріктеу турнирі Назымның спорттық мансабындағы ең шешуші сайыс еді. Бірақ бұл жарысқа бірінші нөмірлі боксшы ретінде тікелей барудың да сәті түспеді. Қызайбай ұлттық құрама бапкерлері ұйымдастырған спаррингтік турнирге қатысып, Алуа Балқыбекованы сенімді түрде жеңген соң ғана, іріктеу турнирінде қатысу мүмкіндігін алды. 

"Мен Азия ойындарының ширек  финалында, жолдамаға бір қадам қалғанда сүріндім. Алуа Италиядағы турнирдің ширек финалында ұтылды. Үшінші іріктеу кезеңі қарсаңында спарринг жасау – өте дұрыс шешім. Бұған дейін қанша жерден бірінші  нөмірлі боксшы  болсам да, Олимпиадаға бара алмадым. Спаррингсіз-ақ, орныма басқаларды жіберетін. 

Бұл жолы мәселенің спарринг арқылы шешілуі ешкімнің көкейінде күмән қалдырмайды деген ойдамын. Мен ешқашан бәсекелестіктен қашқан емеспін. Кім мықты, сол барсын. Жастарға орын бермеді деген пікірді де істеп жүрмін. Біз жас болғанда, ешкім де орнын босатып бермеген. Сондықтан, өзімді лайықты боксшы санаймын», - деген еді Назым турнир қарсаңында. 

Назым Қызайбай үшін үлкен еңбекпен, өзін дәлелдеумен келген Олимпиада жолдамасының сынға түсер маңызды күні - бүгін болғалы тұр. Естеріңізге сала кетейік,  бүгін намысты қыз - Назым Қызайбай жартылай финалда 2023 жылғы әлем чемпионы, АО-2023 чемпионы, қытайлық Ву Юмен (52 кг) кездеседі. 

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Назым #олимпиада #париж #еңбек #тер
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Қазақстанның танымал дзюдошылары Чехияда дауыс берді

Бүгін 15:44

Референдум мерекелік көңіл күйде: алматылық жастар ән мен би арқылы белсенділік танытты

Бүгін 15:41

Актер Жомарт Зейнәбіл ел болашағы үшін дауыс берді

Бүгін 15:37

Алматылық белгілі суретші Алпысбай Қазғұлов Бакудегі Қазақстан елшілігінде референдумға қатысты

Бүгін 15:37

Күйші Шәміл Әбілтай өз таңдауын жасады

Бүгін 15:31
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика