AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Саясат / Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын заңның күші ж...

Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын заңның күші жойылады

Саясат 27.04.2022, 07:38 1,803
Назарбаев пен оның отбасын қорғайтын заңның күші жойылады
Сурет: Еgemen.kz

Конституциядан Елбасы деген сөз алынып тасталды.


Ал Елбасы мен оның отбасын қорғайтын, артықшылықтар беретін Тұңғыш Президент туралы заңның күші жойылады, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz.


Бұл туралы Мәжіліс спикері Ерлан Қошанов айтты.


«Конституцияда тек қана мемлекеттің негізін қалаушы деген тарихи рөлі ғана қалды. Сондықтан Конституция қабылданғаннан кейін, Тұңғыш Президент туралы Конституциялық заң да күшін жояды деп күтілуде», - деді Қошанов.


Ол Конституциядан Елбасы деген сөз алынып тасталғанын айтты.


Сонымен қатар, Қошановтың айтуынша, Назарбаевқа қатысты экс-президент туралы норма қолданылады. Бүгінде бұл норма Конституцияда да, президент туралы заңда да бар. Бұл ретте мәжіліс төрағасы экс-президент туралы норма Назарбаевқа қандай құқық пен құзырет беретінін нақтылады.


«Біріншіден, ар-намысы мен абырой-беделін қорғауға құзырет береді. Екіншіден, әлеуметтік жағынан қорғау, яғни зейнетақысы, көлігі, күзеті бар. Осы мәселелер мемлекет тарапынан реттеледі», - деді ол.


Ол жерде Назарбаевтың отбасын жауапқа тартуға қатысты норма бар ма деген сұраққа спикер «ондай норма жоқ» деп жауап берді.


Айта кетері, 2000 жылы «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы туралы» Конституциялық заң қабылданған болатын. Оған сәйкес, Нұрсұлтан Назарбаев пен оның отбасы мүшелері қорғалады.
Конституциялық заң бойынша Назарбаевты ұстауға, қамаққа алуға, тінтуге, одан жауап алуға не жеке басын жете тексеруге, күзетпен ұстауға болмайды.


Сонымен қатар, Елбасы мен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі барлық жеке мүлікке тиісуге және шектеу қоюға болмайды.


Жеке мүлікке тұрғын және қызметтік үй-жайлар, қызметтік көлік, байланыс құралдары, хаттар, құжаттар кіреді. Тиіспеушілік Қазақстан Тұңғыш Президентінің – Елбасының қорына және ол құрған өзге де заңды тұлғаларға тиесілі мүлікке де қолданылады.


Бұдан бөлек, Конституциялық заң Назарбаев пен онымен бірге тұратын отбасы мүшелеріне тиесілі банк шоттарының құпиялығына және оған қол сұқпауына кепілдік береді.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Назарбаев #отбасы #заң
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Алматыда «Алатау» дәстүрлі өнер театрының 10 жылдығына арналған республикалық театр фестивалі өтеді

Бүгін 12:18

Алматыда 2027 жылы 1 қаңтардан бастап LEZ аймағында көмір сатуға тыйым салу жоспарланып отыр

Бүгін 12:12

Президент Жолдауы: Алматыда жайлы қалалық кеңістікке арналған модуль ұсынылды

Бүгін 12:03

Алматыда «Талдау мектебі. Алматы» жобасының қатысушыларымен кездесу өтті

Бүгін 11:47

Тегін курстан бастап жеке кәсіпке дейін: Алматыда 2 мыңнан астам жас жаңа мамандықты меңгерді

Бүгін 11:06
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);