Форум
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Freedom Broker
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Тәуелсіздік-30 / Назарбаев орталығы Пәкістанда халықаралық дөңгелек...

Назарбаев орталығы Пәкістанда халықаралық дөңгелек үстел өткізді

Тәуелсіздік-30 27.08.2021, 13:23 1,303
Назарбаев орталығы Пәкістанда халықаралық дөңгелек үстел өткізді
Сурет: Martebe.kz

ҚР Тәуелсіздігіне - 30 жыл


Пәкістанда «Бейбітшілік пен келісім жолындағы конфессияаралық және өркениетаралық диалог» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды almaty-akshamy.kz Inform.kz-ке сілтеме жасап. Іс-шараны Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы ұйымдастырды. 


Аталған жиын ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы мен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының алдағы XIX отырысын ақпарат алаңында кеңінен насихаттау мақсатында ұйымдастырылды. Исламабадта өткен жиынға ҚР Сыртқы істер министрлігі мен ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі қолдау көрсетті. Қазақстанның Пәкістан Ислам Республикасындағы Елшілігі де көмек көрсетті. Дөңгелек үстелдің модераторы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының қатысушысы, Пәкістанның Исламдық зерттеулер институтының бас директоры Мухаммад Зия уль-Хак әлемде болып жатқан ұлтаралық және дінаралық қақтығыстар аясында конфессияаралық диалогты нығайтудың маңызын атап өтті.



«Адамзат барлық дін өкілдері жұмыла бірлесіп, күш-жігерін біріктіргенде ғана жеңе алатын ортақ қауіп-қатерге тап болады. Осы тұста Қазақстан ұсынып отырған бастамалар теңдессіз сипатқа ие. Қазақстан заманауи қоғам болмысын түсіне отырып, мемлекеттің ұлттық брендіне және рухани, мәдени символына айналған бірегей алаң - Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі аясында барлық елдермен одан әрі диалогты дамытуға ниетті екені қуантады», - деді Мұхаммед Зия уль-Хак өз сөзінде.



Конфессияаралық келісімді сақтаудағы қазақстандық тәжірибе тақырыбын Қазақстанның Пәкістандағы Төтенше және Өкілетті Елшісі Ержан Кистафин жалғастырды.



«Ел Тәуелсіздігінің 30 жылында Қазақстан дінаралық дамудың өзіндік бірегей моделін қалыптастырып үлгірді. Барлық өркениет, діндер мен мәдениеттер арасындағы өзара іс-қимылдың маңызды буыны бола отырып, Қазақстан түрлі діндер мен конфессия өкілдерін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің бір алаңында біріктіре алды», - деді Е.Кистафин.



Н.Назарбаев орталығының басқарма төрағасы Болат Сәрсенбаев осы жылдың 5-6 қазан күндері Нұр-Сұлтан қаласында өтетін съездің XIX хатшылығына және ҚР Парламенті Сенатының спикері – Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі хатшылығының басшысы М.Әшімбаевтың төрағалығымен өтетін жұмыс тобына дайындық жұмыстарын ұйымдастыру туралы, съездің стратегиялық міндеттері туралы ақпаратпен бөлісті.


 Конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамыту жөніндегі Н.Назарбаев орталығы баспасөз қызметінің мәліметінше, Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің негізгі идеяларын, мақсаттары мен міндеттерін насихаттауға арналған халықаралық дөңгелек үстелдер сериясы Швейцария, Чехия, Сауд Арабиясы, Армения, Венгрия, Германия, Иран, Канада, Қырғызстан, Малайзия, Түркияда жоспарланған.




Телеграм арнаға жазылыңыз
#Тәуелсіздік #30 жылдық #дөңгелек үстел
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Өмірзақ Айтбаевтың 90 жылдығына арналған ғылыми жиын өтті

Бүгін 19:18

Алматыда 3 сәуірден бастап жылу кезең-кезеңімен өшіріле бастайды

Бүгін 19:13

Алматыда Жамақаев көшесінің бір бөлігі уақытша жөндеуге жабылады

Бүгін 18:43

ҚАЖ жүйесі қалай өзгереді? Бас прокуратура маңызды реформаларды жариялады

Бүгін 18:36

Туристік серпін: Алматыға 2,5 млн-ға жуық адам келді

Бүгін 17:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика