AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Заң мен тəртіп / Назарбаев енді КТК акцияларынан айырылды

Назарбаев енді КТК акцияларынан айырылды

Заң мен тəртіп 27.10.2023, 10:13 1,126
Назарбаев енді КТК акцияларынан айырылды
Сурет: Ktk.kz

Нұрсұлтан Назарбаевтан КТК телеарнасы акцияларының бір бөлігін алады.


Бұл жерде телеарнаның 1% акциясы туралы сөз болып отыр. Нұрсұлтан Назарбаев қорына КТК акцияларының 90% - дан астамы тиесілі, деп хабарлайды Almaty-akshamy.kz Bes.media-ға сілтеме жасап. 


Алматының мамандандырылған ауданаралық экономикалық соты Бостандық ауданы прокуратурасының «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ акцияларының 1% сыйға тарту шартын жарамсыз деп тану туралы талабын қанағаттандырды. Бұл үлес бұрын «МаңғыстауМұнайГазға», ал қазір – Нұрсұлтан Назарбаев қорына тиесілі болған.


Істің мән-жайы


КТК акцияларының 1% бұрынғы иесі – «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – бейінді емес активті аукционда сатуға тырысты. Бірақ сатып алушылар табылмады, сондықтан акциялар арнаға сыйға тартылды, олар кейінірек басқалармен бірге КТК акционерлерінің бірі – Нұрсұлтан Назарбаев қорына берілді. Оның директоры - Дариға Назарбаева, ал құрылтайшысы - әкесі. 31 250 дана акция бірлігіне 500 теңге бағамен сатылды, қорытынды сома 15,6 млн теңгені құрады.


Бір кездері «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ға тиесілі акциялардың берілуін Алматы аудандық прокуратурасы сотта даулады.


Сот шешімі



«Бостандық ауданы прокуратурасының талабы қанағаттандырылсын. «Маңғыстаумұнайгаз» АҚ мен «Коммерциялық телевизиялық арна» АҚ арасында жасалған 2016 жылғы 19 желтоқсандағы акцияларды сыйға тарту шарты жарамсыз деп танылсын. Жауапкерлерден мемлекет кірісіне 1727 теңге мөлшерінде мемлекеттік баж өндіріліп алынсын. Соттың бұл шешіміне бір ай ішінде шағымдануға болады», - деді судья Гаухар Қасымбаева.



Ол өзінің шешімін мәміле «ҚР Мемлекеттік мүлкі туралы»  заңды бұза отырып жасалғанын және ҚР Азаматтық кодексінің 157 және 158-баптарының талаптарына сәйкес келмейтінін түсіндірді.



«Сот барлық дәлелдемелерді жиынтықта бағалай отырып, мынадай қорытындыға келді: істі мәлімделген талап шегінде қарау. Сот отырысында аталған акциялардың үшінші тұлғаға тиесілі екендігі анықталғандықтан, сот мәлімделген талап шегінде талап арызды қарап, Бостандық ауданы прокуратурасы талаптарының негізділігі туралы қорытындыға келді», - деп толықтырды судья.



Жауапкерлердің ұстанымдары


Жауапкерлер – «Маңғыстаумұнайгаз» және КТК өкілдері бұрын сотқа қатысқан болатын. «Маңғыстаумұнайгаз» өкілі сот талабын мойындады, ал КТК мойындамады. КТК өкілі «МаңғыстауМұнайГазға» компанияның өзі белгіленген рәсімді бұзып, осы акцияларды сыйға тартуына байланысты мәмілені жарамсыз деп тануға байланысты барлық шығындарды жүктеуді сұрады.


91,36% үлесі бар КТК-ның ірі акционері Нұрсұлтан Назарбаев Қоры болып отыр, оның құрылтайшысы – Нұрсұлтан Назарбаев. Қор директоры - Дариға Назарбаева.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Назарбаев #акция #КТК
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Бектенов Дүниежүзілік банк сарапшыларымен Қазақстан экономикасына инвестиция тарту мәселесін талқылады

Бүгін 17:25

Сауалнама нәтижесі: қазақстандықтардың басым бөлігі Президентке сенеді

Бүгін 16:51

PGL Astana 2026: елордада турнирдің алғашқы ойын күнін шамамен 7000 көрермен тамашалады

Бүгін 15:48

Тоқаев Astana LRT жұмысын іске қосты

Бүгін 15:04

«Оқи алмайтын бала болмайды, оқыта алмайтын мұғалім болады» – сарапшылар білім жүйесіндегі басты мәселені атады

Бүгін 14:04
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);