AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
    • Жолдау
    • Келешек мектептері
    • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Құрылтай
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
    • • Жолдау
    • • Келешек мектептері
    • • Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Әлеумет / Наурызнама: Балаларға шаттық сыйлаған мереке

Наурызнама: Балаларға шаттық сыйлаған мереке

Әлеумет 14.03.2025, 15:53 762
Наурызнама: Балаларға шаттық сыйлаған мереке
Сурет: Қайрат Қонысбаев

Алматы қаласындағы SOS балалар ауылында тәрбиешілер мен психологтарға арналған «Конфликтология және медиация негіздері. Этномедиацияның ерекшеліктері мен қағидалары» тақырыбында семинар-тренинг өтті.

Білім жетілдіру дәрісін Алматы қаласы ҚХА этномедиация кеңесінің төрағасы, «Халықаралық құқық қорғау орталығы» РҚБ Президенті Жанділдә Жақыпов қайырымдылық негізде өткізді. Сондай-ақ, Ассамблеяның «Жомарт жан» орталығы балаларға арналған қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Игі шараны Алматы қаласы Әділет басқармасының «Қоғамдық келісім» КММ, «Ассамблея жастары», «Жомарт жан» орталығы және Алматы қаласы Қазақстан халқы Ассамблеясының Ақсақалдар кеңесі бірлесіп ұйымдастырды.

«Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес елімізде Наурызнама тұжырымдамасы бекітілген болатын. Бүгін біз соның аясында Алматы қаласындағы SOS балалар ауылына келдік. Бұл шара Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығына арналған маңызды іс-шаралардың бірі екенін айта кеткен жөн. «Жомарт жан» қайырымдылық орталығының өкілдері балаларға деп тренингтер мен ойындарға арналған құрал-жабдықтарды сыйға тартты. Сонымен қатар, Қазақстан ұйғырларының республикалық мәдени орталығының төрағасы Долкунтай Абдулхалил түрлі сыйлықтарын ала келді.  Кездесу аясында балаларға Наурыз мерекесінің мән-маңызын түсіндіріп, түрлі ойындар ұйымдастырды. Балаларға қуаныш сыйлаған бұл шара – халқымыздың береке-бірлігінің, бауырмалдығының дәлелі», – дейді Алматы қаласы ҚХА ақсақалдар кеңесінің төрағасы Болат Оспанов.  

«Жомарт жан» орталығының төрағасы Долкунтай Абдулхалилдің айтуынша, Президентіміз жастарды елін сүйетін, білімді, адал, жауапкершілігі мол азамат етіп тәрбиелеуге ерекше көңіл бөліп отыр. Осы мақсатта біз де өз жұмысымызды жандандырып, түрлі игі істерді қолға алдық. Бұл бастамаға Ассамблея жанындағы Ақсақалдар кеңесі мен белсенді жастар бірлесіп атсалысты.

«Балаларға сыйлықтар мен түрлі тарту жасап, мерекелік көңіл-күй сыйладық. Ассамблея аясында біз жастармен жиі кездесіп, оларды еліне адал қызмет ететін, туған елінің дамуына үлес қосатын азамат ретінде тәрбиелеуге күш салып келеді. Ынтымақтастықты арттырып, жастардың патриоттық рухын көтеру – басты мақсаттарымыздың бірі. Қазір «Таза Қазақстан» бағдарламасы қолға алынды. Осы науқан да жастарды тәрбиелеудің бір бағыты. Бір адамның немесе белгілі бір топтың міндеті емес. Сондықтан баршамыз біріге жұмыс істеп, ортақ мақсатқа ұмтылуымыз керек. Наурыз мерекесі құтты болсын! Әрбір шаңыраққа бақыт, ынтымақ, қуаныш тілеймін! Еліміз тыныш, халқымыз аман болсын!», – деді ол.

Телеграм арнаға жазылыңыз
#Наурызнама #балалар #мереке #семинар-тренинг
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Мемлекет басшысы Германияның маңдайалды жоғары оқу орындары ректорларымен және ғылыми институт жетекшілерімен кездесті

Бүгін 01:00

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Канцлер Фридрих Мерцпен келіссөз жүргізді

Бүгін 22:45

Қазақстан-Германия бизнес форумында маңызды келісімдер жасалды

Бүгін 22:30

Қасым-Жомарт Тоқаев Германия Федеративтік Республикасының Президентін «Алтын Қыран» орденімен марапаттады

Бүгін 21:15

Қазақстан Республикасының Президенті мен Германия Федеративтік Республикасы Президентінің Бірлескен Декларациясы

Бүгін 21:00
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);