AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • Басты бет
  • Барлығы
    • Ресми бөлім
    • Спорт
    • Керек кеңес
    • Медицина
    • Білім және ғылым
    • Заң мен тəртіп
    • Оқиға
    • Не? Қайда? Қашан?
    • Эксклюзив
    • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
Қазақ Qazaq قازاق Русский
Қазақ Qazaq قازاق Русский
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті
  • 🏠 Басты бет
  • Барлығы
    • • Ресми бөлім
    • • Спорт
    • • Керек кеңес
    • • Медицина
    • • Білім және ғылым
    • • Заң мен тəртіп
    • • Оқиға
    • • Не? Қайда? Қашан?
    • • Эксклюзив
    • • Алматы көшелері
  • Жаңа Конституция
  • 📰 Газет архиві

Біз әлеуметтік желілерде:

💱 Валюта бағамы:

Басты бет / Қала қарбалас / Наурызнама: Алматы жастары «Тазару күніне» орай ко...

Наурызнама: Алматы жастары «Тазару күніне» орай концерт пен флешмоб өткізді

Қала қарбалас 23.03.2026, 17:12 225 dulatbekova
Наурызнама: Алматы жастары «Тазару күніне» орай концерт пен флешмоб өткізді
Сурет: Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Наурызнама онкүндігі аясындағы «Тазару күніне» орай Алматы жастары ерекше белсенділік танытып, қала тұрғындары үшін ауқымды мәдени іс-шара ұйымдастырды, - деп хабарлайды aqshamnews.kz

Бүгін Астана алаңында қала жастарының бастамасымен мерекелік концерт өтті. Іс-шара барысында Алматының талантты жастары сахнаға шығып, ән айтып, би билеп, өнер көрсетті. Концертке жиналған тұрғындар мен қала қонақтары жастардың өнерін ыстық ықыласпен қабылдап, Наурыз мерекесінің ерекше атмосферасын бірге сезінді.

Концерттен кейін «Таза ой – Таза қоғам» атты ауқымды флешмоб ұйымдастырылды. Оған 500-ден астам жас қатысып, «Тазару» ұғымының қоршаған ортаны тазарту ғана емес, сонымен қатар адамның ойы мен ниетінің тазалығын білдіретін маңызды құндылық екенін көрсетті.

Флешмоб басталар алдында жастарға ішкі мәдениет, жауапкершілік және қоғамға пайдалы болудың маңызы туралы қысқаша үндеу жасалды.

Сонымен қатар, Тазару күніне орай Алматы жастары таңертеңнен бастап әлеуметтік желілерде «Өзіңнен баста» челленджін бастады. Челлендждің негізгі идеясы — әр адам тазалық пен тәртіпті алдымен өзінен бастап, қала ортасының көркеюіне үлес қосуы.

Жастар тазалық акцияларына қатысқан сәттерін фото және бейне форматта жариялап, өзгелерді де игі іске шақырды. Челлендж аясында жарияланымдар әлеуметтік желілерде #Тазарукүні #ТазаҚазақстан хэштегтерімен таралуда.

Алматы қаласының белсенді жастарының бірі Бейбіт Жасұланұлы мұндай бастамалардың маңыздылығын атап өтті:

«Тазару күні – бұл тек айналаны тазалау емес, ең алдымен адамның өзіне, ойы мен іс-әрекетіне жауапкершілікпен қарауы. Біз жастар ретінде қаламыздың таза, көрікті әрі мәдениетті болуы өзімізден басталатынын жақсы түсінеміз. Осындай бастамалар арқылы әрбір жас қоғамға пайдасын тигізіп, ортақ құндылықтарды нығайтуға үлес қоса алады», – деді ол.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай бастамалар жастардың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоғамдық жауапкершілікті нығайтуға және «Таза Қазақстан» идеясын кеңінен насихаттауға бағытталған.

Телеграм арнаға жазылыңыз
Бөлісу:
Жүктелуде...

Соңғы жаңалықтар

Енді елімізде электрсамокат айдау үшін жүргізуші куәлігі міндеттелмек

Бүгін 17:53

Алматыда көлік жобасы үшін жер телімінің бір бөлігі мемлекетке беріледі

Бүгін 16:57

Алматыда Рысқұлов көшесін ұзарту үшін жер телімдері мемлекет қажетіне алынады

Бүгін 16:52

Шекарашы сарбаздар ант қабылдады

Бүгін 16:36

Жамбыл облысында кене шаққан ер адам қауіпті безгектен қайтыс болды

Бүгін 15:45
Telegram
Жазылыңыз
AqshamNews.kz - "Алматы-ақшамы" қоғамдық-саяси газеті

"Alatau Aqparat" медиахолдингі

Сілтемелер

  • Біз туралы
  • Байланыс
  • Жарнама
  • Жазылу
  • Газет архиві

Байланыс

  • Республика Казахстан. 050022, г. Алматы, Адрес: ул. Шевченко, 106 а
  • +77272930803
  • alatauaqparat@gmail.com
Copyright 2026, "Alatau Aqparat" медиахолдингі
Яндекс.Метрика
// SMI24 виджет setTimeout(function() { if (typeof Smi24 !== 'undefined') { Smi24.init('[data-smi-widget-id="130"]'); } }, 1500);